"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 28 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 356 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және
республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың
аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу қағидалары "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің (бұдан әрі - жаратылыстану-ғылыми негіздеме) жобаларын дайындау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды
және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және
олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібі
2. Жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобаларын әзірлеуді мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізеді.
3. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратуға және олардың аумағын кішірейтуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.
4. Жеке немесе заңды тұлға республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратуға немесе олардың аумақтарын қысқартуға байланысты өзінің өтінішін құзыретіне өтініште көрсетілген қызмет мәселелері енетін мемлекеттік органға (бұдан әрі – мемлекеттік орган) енгізеді, онда ол 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
5. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда, мемлекеттік орган материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға жібереді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда, мемлекеттік орган материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) аумақтық тиесілігі бойынша облыстардың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жібереді.
6. Уәкілетті орган 15 жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту жөніндегі ұсынысты қабылдамау туралы не бұл мәселені одан әрі қарау туралы шешім шығарады.
Жергілікті атқарушы орган 15 жұмыс күні ішінде жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату жөніндегі ұсынысты қабылдамау туралы не бұл мәселені одан әрі қарау туралы шешім шығарады.
7. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган не жергілікті орган оң шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың немесе олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын әзірлеуді және оның мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуін ұйымдастырады.
9. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың немесе олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын әзірлеуді белгіленген заңнамалық тәртіпте республикалық бюджет және (немесе) өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады
10. Жаратылыстану-ғылыми негіздеме:
1) зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендері мен онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігін, маңыздылығын және ерекшелік сипатын бағалауды;
2) зерттеліп отырған аумақтағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйін, оларды сақтау және қорғау жөніндегі тәуекелдерді, қатерлерді және шараларды;
3) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау мен республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың экологиялық және экономикалық орындылығы туралы тұжырымдарды;
4) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтары қысқартылған жағдайда – ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамынан шығарылатын меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің ұсынылып отырған шекараларын, шекаралардың сипаттамасын, координаталарын, санаттары мен көлемін;
5) жер учаскелерін кейіннен пайдалану және қалпына келтіру туралы ұсыныстарды қамтиды.
11. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы 10 жұмыс күні ішінде бекітеді.
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті атқарушы орган 10 жұмыс күні ішінде бекітеді.
12. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілгеннен кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің тиісті жобасын әзірлейді.
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган 10 күнтізбелік күн ішінде тиісті шешім қабылдайды.
13. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жүзеге асырылады.
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту жергілікті атқарушы орган бекіткен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жүзеге асырылады.