"Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 қазанда № 15841 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13715 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуы қажет.

      Паспорттарын тіркеуден:

      дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар;

      "дипломатиялық", "қызметтік", "инвесторлық" санаттағы Қазақстан Республикасының визаларымен Қазақстан Республикасына келген немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растаған кезде (визасыз болу режимі бар елдер үшін);

      әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын;

      16 жасқа толмаған көшіп келушілер босатылады.

      Қабылдаушы адамдар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйесінің Визалық-көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКҚП) (www.vmp.gov.kz) арқылы хабарлауы қажет.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы аумағында көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тіркеуді ресімдеу осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшіп келушіні (шетелдікті) уақытша тіркеу туралы анықтамамен (бұдан әрі - Анықтама) немесе Қазақстан Республикасы визасының "Бүркіт" БАЖ-дағы деректерімен немесе Визалық-көші-қон порталынан қағаз тасымалдағышта немесе көші-қон карточкасына белгі қоюмен расталады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тіркеу аудандық, қалалық немесе облыстық көші-қон қызметі бөліністерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілерді тіркеуді олар Қазақстан Республикасынан шыққан кезде көліктегі көші-қон қызметі бөліністері жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу үшін:

      1) Қазақстан Республикасының визалары, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан елдердің азаматтарынан басқа;

      2) қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп келушінің өзінің өтініші негіз болып табылады.

      Көші-қон саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған көшіп келушіні анықтаған кезде жауапкершілікке тартқаннан кейін көші-қон қызметі бөлінісі қызметкерінің баянаты оны тіркеу үшін негіз болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеуді есепке алу тіркеудің реттік нөмірін қоя, көші-қон карточкасын қолымен және визалық (паспорттық) мөрмен куәландыра, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамасын бере отырып, көші-қон қызметі бөліністерінің лауазымды адамдары "Бүркіт" БАЖ-да жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан елдер азаматтарының болу мақсаты өзгерген кезде оларға тиісті мақсатты көрсете отырып, жаңа көші-қон карточкасы ресімделеді.

      Көшіп келуші кіру туралы белгісі бар көші-қон карточкасын тіркеуге ұсынған кезде және "Бүркіт" БАЖ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы мәліметтер болмаған кезде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ІІД (бұдан әрі – ІІД) Көші-қон қызметі басқармаларының жауапты қызметкерлері телефон бойынша БАЖ әкімшілігінен кесіп өту фактісінің болуын сұрайды.

      Егер көшіп келушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісі расталмаса, ішкі істер органдарының лауазымды адамы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізу бойынша шешім қабылдау үшін бөлініс басшылығына баяндайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге шыққан немесе көшіп келуші Қазақстан Республикасында

      уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына осы Қағидаларға 2-тармаққа сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлайды.

      Ішкі істер органдары қабылдаушы адамдардан келіп түскен хабарламалар бойынша "Бүркіт" БАЖ-ға мәліметтер енгізеді.

      Тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен кезде көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

      Уақытша тұру үшін келген көшіп келушілерді тіркеу кезінде көші-қон қызметі бөліністері ішкі істер органдарының басшылығы арқылы оларға осы жергілікті жерде тұруға рұқсат етілген мерзімдер туралы учаскелік полиция инспекторларына хабарлайды.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Паспортты жоғалтқан жағдайда көшіп келуші тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жері бойынша ішкі істер органына өтінішпен дереу жүгінеді, онда құжаттың жоғалуы қашан, қайда және қандай мән-жайларда болғаны нақты баяндалады. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 23 қыркүйекте № 9744 болып тіркелген) сәйкес тіркелген және жеке басы анықталған көшіп келушінің өтініші негізінде көші-қон қызметінің бөлінісі оған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама береді.

      Берілген анықтаманың негізінде көшіп келуші өз мемлекетінің консулдық мекемелерінде жаңа паспорт немесе оны алмастыратын құжат алады, онда ішкі істер органы шығу визасын ресімдейді.

      17. Қазақстан Республикасына келген кезде көшіп келушіге көші-қон карточкасы беріледі.

      Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растауы бар адамдарға;

      2) 16 жасқа толмаған адамдарға;

      3) әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;

      4) пойыз бригадаларының, оның ішінде рефрижераторлық, локомотивті пойыз бригадаларының қызметкерлеріне және темір жол көлігімен жол жүретін жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;

      5) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүретін пойыздардың жолаушыларына;

      6) халықаралық автотасымалды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне көші-қон карточкалары берілмейді.

      Егер Қазақстан Республикасы тиісті тараппен жасаған келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам болған жағдайда, осы Қағидалар тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдіріп алған кезде көшіп келушілер көші-қон карточкасы бүлінген немесе жоғалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына өтініш береді, олар өтініш иелерін тексергеннен кейін көші-қон карточкаларының телнұсқаларын береді және тіркелгені туралы белгі қояды. Бұл ретте "Келу" бағанында Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелерінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде ҰҚК ШҚ жеке басты сәйкестендіреді, ұсынылған көші-қон карточкасын немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтаманы (Визалық көші-қон портал арқылы тіркеу кезінде – көшіп келушіні тіркеу туралы паспортқа жапсырма қағаза тасымалдағышта) паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, содан кейін көші-қон карточкасын және Анықтаманы алып қояды.";

      1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін, елтаңбалық мөрмен расталған қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т.Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      __________ К. Мәсімов

      19 қыркүйек 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 560 бұйрығына
1-қосымша
  Көшіп келушілердің
паспорттарын тіркеу,
қабылдаушы адамдардың оларда
болатын көшіп келушілер
туралы ақпаратты ұсыну,
көші-қон карточкаларын
дайындау және беру, көшіп
келушілердің жүріп-тұру, көшіп
келушілердің шетелдіктердің
баруы үшін жабық жекелеген
жерлерге (аумаққа) кіру,
сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиттік жол
жүру қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  _________ облысының
ІІД Көші-қон қызметі
басқармасының бастығы

Хабарлама

      ________________________________________________________________________________

      (қабылдаушы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке басын

                        куәландыратын құжаттың №)

      Сізге 20__ "_" ________ маған мынадай шетелдіктер:

      1. ______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың №)

      2.______________________________________________________________________________

      3.______________________________________________________________________________

      4.______________________________________________________________________________

      ___________________________________________________ мақсатпен келгенін хабарлаймын.

      (тәжірибе алмасу, тағылымдама, туризм, оқу және т.б.)

      _______________________ мекенжай бойынша тұруы 20__ жылғы "___" дейін

      Қолы күні

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 560 бұйрығына
2-қосымша
  Көшіп келушілердің
паспорттарын тіркеу,
қабылдаушы адамдардың оларда
болатын көшіп келушілер
туралы ақпаратты ұсыну,
көші-қон карточкаларын
дайындау және беру, көшіп
келушілердің жүріп-тұру, көшіп
келушілердің шетелдіктердің
баруы үшін жабық жекелеген
жерлерге (аумаққа) кіру,
сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиттік жол
жүру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Шетелдіктердің паспорттарды немесе оларды алмастыратын құжаттарды жоғалтуына байланысты оларға берілетін анықтама

      Азамат (ша) _____________________________________________________________________

      (азаматтығы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      ол 20_____ жылғы "_____" _______________ _________________________ қаласының

      ________________________________________________________________________________

      (қалалық, аудандық ішкі істер органының, полиция бөлінісінің атауы)

      мынадай: _______________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      құжатты жоғалтуына байланысты өтінішпен жүгінгені туралы берілді.

      Фото

                                                М. О.

                                                Көші-қон қызметі бөлінісінің бастығы

                                                _____________________________

                                                            (қолы)

                                                20___жылғы "____"____________.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 560 бұйрығына
3-қосымша
  Көшіп келушілердің
паспорттарын тіркеу,
қабылдаушы адамдардың оларда
болатын көшіп келушілер
туралы ақпаратты ұсыну,
көші-қон карточкаларын
дайындау және беру, көшіп
келушілердің жүріп-тұру, көшіп
келушілердің шетелдіктердің
баруы үшін жабық жекелеген
жерлерге (аумаққа) кіру,
сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиттік жол
жүру қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Алдыңғы беті

      Лицевая сторона

КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА № ___________
Migration card

      Тегі/Фамилия/ Family name                                                Кіру

      Аты/Имя/ First (given) name

      Азаматтығы/Гражданство/Nationality

      Келу мақсаты/Цель въезда/Purpose of visit

      Қабылдайтын тарап Принимающая сторона Inviting Party

      ________________________________________________________________________________

      Тіркелу мекенжайы _______________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үй №__, пәтер №__).

      ________________________________________________________________________________

      Адрес регистрации _______________________________________________________________

      (область, город, район, населенный пункт, наименование улицы,

      дом №__, квартира №__).

      ________________________________________________________________________________

      Home Address ____________________________________________________________________

      (region, city, district, settlement, street, building №__, flat №__)

      ________________________________________________________________________________

      Бірге келетін балалар/Совместно следуют дети/ Accompanied by children

                                                                              Шығу

      Қолы/подпись/signature

      Тіркеу №____

      "__"____20 ___ ж. "__"_____20____г. дейін

      Тіркеу жасаған орган ________________________

      Лауазымды адамның қолы ___________________

      м/о

      Артқы беті

      Обратная сторона

      Қазақстан Республикасынң Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ/ тіркелуі тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс. Тіркеу көші-қон полициясы бөлімшелерінде не қабылдаушы адамдар визалық көші-қон порталында (vmp.gov.kz; e.gov.kz) жүзеге асырады.

      В течение 5 календарных дней после пересечения Государственной границы Республики Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан влечет административную ответственность. Миграционная карточка хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики Казахстан. Регистрация осуществляется в подразделениях миграционной полиции либо принимающими лицами на визово-миграционном портале (vmp.gov.kz; e.gov.kz).

      Foreign citizens must register with a local migration police office within five days upon arrival in the Republic of Kazakhstan. Violation of terms of stay will entail administrative liability under the civil law. Foreign citizens must keep this migration card and return it upon departure from the Republic of Kazakhstan. Registration is carried out in the migration police offices or on visa and migration Web site by receiving side (vmp.gov.kz; e.gov.kz).

      Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы " " ________ дейін ұзартылды.

      Тіркеу жасаған орган ________ Лауазымды адамның қолы _____________

      м/о

      Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы " " ________ дейін ұзартылды.

      Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ___________

      м/о

      көші-қон карточкасының мөлшері 88х125 мм

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 560 бұйрығына
4-қосымша
  Көшіп келушілердің
паспорттарын тіркеу,
қабылдаушы адамдардың оларда
болатын көшіп келушілер
туралы ақпаратты ұсыну,
көші-қон карточкаларын
дайындау және беру, көшіп
келушілердің жүріп-тұру, көшіп
келушілердің шетелдіктердің
баруы үшін жабық жекелеген
жерлерге (аумаққа) кіру,
сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиттік жол
жүру қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынама

      1. Көші-қон карточкалары көшіп келушілерге, поезд бригадаларының, әуе, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне Қазақстан Республикасына келу кезінде шекаралық бақылау пунктіне келгенге дейін оларды толтыру үшін қажетті уақытты есептей отырып, алдын ала беріледі.

      2. Карточка түсінікті, шимайсыз және түзетулер сиямен немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Тегі мен аты қатаң түрде паспорт бойынша оны толтыру кезінде қолданылатын әліпбимен (қазақша, латынша немесе кириллица) жазылады. Араб немесе өзге кескіндеме қолданылмайды.

      3. "Сапар мақсаты" бағанына мынадай мақсаттардың бірі көрсетіледі:

      жеке – қонаққа, жеке сипаттағы басқа істер бойынша;

      қызметтік – іссапарға келген кезде, іскерлік сипаттағы басқа істер бойынша;

      жұмысқа – жұмыс үшін келген кезде;

      оқуға – Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын студенттер үшін, сондай-ақ тағылымдамаға немесе практикаға баратын адамдар үшін;

      емделуге – Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделуге келген адамдар үшін;

      туристік – туристер ретінде келетін адамдар үшін.

      4. "Қабылдайтын тарап" бағанында қабылдаушы ұйым ретінде шығатын жеке тұлғаның тегі немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ ол тұратын облыс (заңды тұлғаның тіркелген орны) көрсетіледі.

      Мысалы: А.И. Сүндетов Қызылорда обл.;

      "НҰР" АҚ, Астана қаласы.

      5. "Тұратын мекенжайы" бағанында жоспарланған уақытша болатын жері көрсетіледі.

      Мысалы: Астана қаласы, Абай көшесі, 5-үй, 6-пәтер.

      6. "Бірге келетін балалар" бағанына шетелдіктермен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалардың саны жазбаша көрсетіледі.

      Мысалы: "үшеу".

      7. Көші-қон карточкалары шекаралық бақылау кезінде паспортпен бірге ұсынылады. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққанға дейін көшіп келушілерде сақталады және ішкі істер органдарының және шекара қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұсынылады.

      8. Ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгіні көші-қон полициясы қызметкерлері, сондай-ақ vmp.gov.kz немесe gov.kz веб-сайттары дербес цифрлық электрондық қолтаңба бойынша "Бүркіт" БАЖ-дың визалық көші-қон порталы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасында болу мерзімі күнтізбелік 5 күннен аспайтын адамдар ішкі істер органдарында паспорттарын тіркеуі міндетті емес.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 560 бұйрығына
5-қосымша
  Көшіп келушілердің
паспорттарын тіркеу,
қабылдаушы адамдардың оларда
болатын көшіп келушілер
туралы ақпаратты ұсыну,
көші-қон карточкаларын
дайындау және беру, көшіп
келушілердің жүріп-тұру, көшіп
келушілердің шетелдіктердің
баруы үшін жабық жекелеген
жерлерге (аумаққа) кіру,
сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиттік жол
жүру қағидаларына
1-1-қосымша
  нысан

АНЫҚТАМА № ____
көшіп келушіні (шетелдікті) уақытша тіркеу туралы

      Т.А.Ә. (бар болған кезде)___________________________________________________________

      паспорт № : _____________________________________________________________________

      Азаматтығы: ____________________________________________________________________

      Тіркеу мерзімі

      20 __ ж. " " _______ бастап 20 __ ж. " " __________ дейін

      Тіркеу мерзімін ұзарту

      20 __ ж. " " _______ бастап 20 __ ж. " " __________ дейін

      Қазақстан Республикасында болу мақсаты ___________________________________________

      Қабылдаушы тарап _______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекенжайы __________________________________

      Тіркеу органы ___________________________________________________________________

      Жауапты қызметкер ______________________________________________________________

      20 __ ж. " " ____________

      Т.А.Ә. (бар болған кезде): __________________________________________________________

QR-код
 

АНЫҚТАМА ЖЕКЕ БАСТЫ
КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ
ҰСЫНЫЛҒАН КЕЗДЕ ЖАРАМДЫ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады