"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 793 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 16046 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14276 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тапсырыс беруші мыналарға:

      1) сәйкестік нысанасында тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды жүргізуге:

      осы Шартқа және осы Шарттың 6-1-тарауына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне;

      "Халыққа кызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына;

      2) орындаушы дамудың негізгі талаптарын, бағаның (тарифтің) негізгі талаптарын, тасымалдаудың негізгі талаптарын және осы Шарттың 7-тармағының 6) және 10) тармақшаларын орындамаған жағдайда осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушіден осы Шартпен көзделген субсидияны төлеуді талап етуге;

      2) ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша Тапсырыс берушінің міндеттерін орындау шеңберінде аударылған субсидия көлемі туралы ақпарат алуға;

      3) тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарға билет кассалары, жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары және электрондық терминалдар, интернет-ресурстар арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыруға;

      4) осы Шартты орындау шеңберінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар ағынына тәуелді поездардың құрамдылығын анықтауға;

      5) егер сапалық сипаттамасы (ауаны баптау жүйесінің, отырғызу және түсіруге арналған көтергіш құрылғылар және кресло-арбалармен қозғалатын мүгедек адамдар үшін арнайы орындардың бар болуы) төмен емес және осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес вагондарды шығару жылы жолаушылар вагондарына қойылатын қолданыстағы негізгі талаптарында көрсетілген вагондардан бұрын шығарылмаған жағдайда, жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарда көрсетілген вагондарды ауыстыруға құқылы.

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орындаушы:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген), "Халыққа кызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына және теміржол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес осы Шарттың талаптарын сапалы және уақтылы қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға;

      2) Тапсырыс берушімен бағаларды (тарифтерді) жоғарылатудың негізгі талаптарында белгіленген шегінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша қызметтерге бағалардың (тарифтердің) жоғарылауын олардың қолданысқа енгізілуіне дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын келісуге;

      3) Тапсырыс берушімен қозғалыс графигі мен кестесін, қалыптастыру және айналым пунктін өзгертуін олардың қолданысқа енгізілуіне дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын келісуге;

      4) Қазақстан Республикасында қабылданған поездардың қозғалыс графигі мен кестесіне сәйкес жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға;

      5) Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімде Орындаушының қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және есептілікті ұсынуға;

      6) Тапсырыс берушіге Ұлттық инфрақұрылым операторымен, локомотивтік тарту операторымен, техникалық қызмет көрсету, жанармай және сумен жабдықтау, вокзал қызметтерін ұсынуы жөніндегі қызметтерді көрсететін теміржол ұйымдарымен жасалған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін Шарт жасасқан сәттен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде ұсынуға;

      7) Тапсырыс берушінің тексеріс актілерін, сондай-ақ осы Шарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігін сақтамаудың фактісін ұсынған күннен бастап анықталған бұзушылықтарды жою және оған одан әрі жол бермеу бойынша күнтізбелік 10 күн ішінде шаралар қабылдауға;

      8) Тапсырыс берушінің талабы бойынша жолаушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мақсатында тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген, поездарда ақпараттық хабарландыруларды орналастыруға;

      9) Тапсырыс берушімен осы Шарттың 9-тармағының 1), 2), 6) және 7) тармақшаларында, көрсетілген құжаттарды толтыру және есептеу тәртібін Шарт күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей келісуге;

      10) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) сәйкес айқындалған тарифтердің негізінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын басқа тасымалдаушылардың субсидияланатын вагондарын тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.";

      "3. Өзара есеп айырысу тәртібі" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өзара есеп айырысу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржолдары учаскелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржолдары учаскелері бойынша өтетін ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдары тасымалдарды ұйымдастырған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес бекітілген Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларында айқындалған құжаттарды ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орындаушы Тапсырыс берушіге мыналарды:

      1) есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде дамудың негізгі талаптарын орындау барысы туралы онда көрсетілген орындау мерзімдерін ескере отырып растайтын құжаттардың қосымшасымен бірге есепті;

      2) есептік жылдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес зауыт нөмірлері және қатынастар бөлінісінде Орындаушының жолаушылар вагондарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындауын растайтын басшының қолымен және мөрімен (бар болған жағайда) расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын ұсынады.";

      Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржолдары учаскелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржолдары учаскелері бойынша өтетін ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тасымалдарды ұйымдастырған жағдайда Орындаушыға осы тармақта көрсетілген талаптар қолданылмайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Субсидияларды кейіннен төлеуді Тапсырыс беруші жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу осы Шартты қолданған әрбір жылдың соңғы айында жүргізіледі.";

      "4. Форс-мажорлық жағдайлар" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді:

      "5. Форс-мажорлық жағдайлар";

      "5. Тараптардың жауапкершілігі" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тараптардың жауапкершілігі";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1. Осы Шартқа және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне сәйкестік нысанында зерттеп-қарауды жүргізу.

      26-1. Тапсырыс беруші Орындаушыны Шарттың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды жүргізу туралы кемінде 3 жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      26-2. Шарттың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тасымалдардың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды жүргізу үшін Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамын Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам бекітеді.

      26-3. Осы Шартқа сәйкестікке зерттеп-қарауды (бұдан әрі – зерттеп-қарау) мыналардың: жолаушыларды отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының, жолаушылар тасымалдарын дамытудың негізгі талаптарының және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттың өзектілігінің орындалуын айқындау жолымен Комиссия мүшелері жүргізеді.

      26-4. Орындаушы осы зерттеп-қарауды ұйымдастыру, атап айтқанда, қажетті құжаттамаларды дайындау, зерттеп-қарауға қатысу, қажет болған кезде зерттеп-қарау кестесін келісу үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      26-5. Жолаушылар поезын зерттеп-қараудың мерзімділігі жарты жылда кемінде екі рет жүзеге асырылады.

      26-6. Зерттеп-қарау жолаушылар поездарының барлық құрамы бойынша, қалыптастыру/айналым пункттарында, станцияларда және жүру жолында жүргізіледі.

      26-7. Жолаушылар поездарын зерттеп-қарауды бастаудың алдында Комиссия мүшелері қызметтік куәлікті және тиісті бұйрықты көрсетеді.

      26-8. Жолаушылар поездарын зерттеу-қарау нәтижелері бойынша Комиссия мүшелері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 9-қосымшасына сәйкес Зерттеп-қарау актісі жасайды. Қажет болған жағдайда зерттеп-қарау актісіне олар бар болған жағдайда зерттеп-қарау нәтижелерімен байланысты растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша Орындаушы ескертулер және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, оны жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтары зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі, ол туралы тиісті ескерту болады.

      26-9. Зерттеп-қарау актісі екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісінің бір данасы Тапсырыс берушіде қалады, екінші данасы Орындаушыға беріледі.

      26-10. Тапсырыс беруші жолаушылар поездарына зерттеп-қарауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Орындаушының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды және осы Шарттың тарауына сәйкес зерттеп-қарауды жүргізеді.

      26-11. Орындаушы жолаушылар поездарын зерттеп-қарауды жүргізу кезінде зерттеп-қаралатын жолаушылар поездарының құрамында бар барлық типтегі жолаушылар вагондарына Комиссия мүшелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді және Комиссия мүшелеріне зерттеп-қарау мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаз тасығыштарда қажет болған жағдайда тиісті зерттеп-қарауды жүргізу күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде олардың көшірмелерін зерттеп-қарау актісіне қоса тіркеу үшін ұсынады.

      26-12. Зерттеп-қарау актісін жасағаннан кейін Комиссия мүшелері оған қол қояды, әрбір параққа қол қояды және Орындаушыға танысу үшін ұсынылады.

      "6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Орындаушы Тапсырыс берушіге төленген аванстық төлемді жолаушыларды тасымалдаудың негізгі талаптарына сәйкес орындалған тасымалдар көлемі есебінен қайтаруды жүзеге асырады.";

      "7. Тараптардың деректемелері мен қолдары" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тараптардың деректемелері мен қолдары";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіпте өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін, атап айтқанда тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарттың 1-7 қосымшаларында көрсетілген талаптарды, оның ішінде қалыптастыру/ айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастың атауын, қашықтығы және маршрут қатынауының мерзімділігін өзгерту бойынша қайта қарауға жол беріледі.

      8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 793 бұйрығына
1-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
шартына
8-қосымша

Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушінің ұстауға жататын тұрақсыздық айыппұлдары

Тұрақсыздық айыппұлының туындауының негіздері

Тұрақсыздық айыппұлының көлемі

1.

Орындаушының белгіленген мерзімде Шарттың 9-тармағының барлық талаптарын орындамауы

Әрбір мерзімінен өткен күн үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1 % көлемінде

2.

Орындаушының төлем бойынша қаржыландыру жоспарын орындамауы

Әрбір мерзімінен өткен ай үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1 % көлемінде

Орындаушының Шарт бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидиялардың қайтарудың талаптары

Қайтару туындауының негіздері

Қайтару көлемі

1.

Тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген вагон айналымы көлемі және қатынау жиілігі бөлігінде Шарт талаптарын орындамауы

жыл қорытындысы бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал

2.

Поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген төмендемейтін айлық вагон айналамының көлемі бөлігінде Орындаушының Шарт талаптарын орындамауы

есептік айдың қорытындысы бойынша орындалмаған тасымал көлеміне пропорционал

3.

Орындаушының әрбір жылдың қорытындысы бойынша поездар, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар айналымы бөлігінде тиісті жылға вагон айналамы көлемін орындау шарты кезінде 3% артық Шарт талаптарын орындамауы

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%

4.

Орындаушының әрбір тоқсанның резервтік қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарды, келесі жағдайлардан орындамауы:
1) 2 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 10 вагонға дейін;
2) 4 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 20 вагонға дейін;
3) 6 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 30 вагонға дейін;
4) 8 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 40 вагонға дейін;
5) 10 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 50 вагонға дейін;
6) 12 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 60 вагонға дейін;
7) 14 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 70 вагонға дейін;
8) 16 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 80 вагонға дейін;
9) 18 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 90 вагонға дейін;
10) 20 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 100 вагонға дейін;
11) 22 вагоннан аса – жолаушылар поездарында 100 вагонға дейін;.

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 1%
Бұл ретте, есептеу мынадай формуламен айқындалады:



мұндағы: N s – жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарына сәйкес келмейтін вагондардың саны;
N v– Шарт жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес вагондардың жалпы саны;
N 1,2,3,4... қатынаудың тиісті мерзімділігіне әр құрам бойынша жолаушылар вагондарына негізгі шарттарына сәйкес келетін вагондардың саны;
у – қатынау күндерінің саны;

5.

Есептерді ұсыну қорытындысы бойынша дамудың негізгі талаптарындағы әрбір тармақ бойынша іс-шараларды орындамауы, онда көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, күнтізбелік 30 күн ішінде әр тармақ бойынша орындалуы

Әр пунктқа субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,1% және 1 бабтың 1,2 тармақтары бойынша 5%. Теміржол жолаушылар паркі вагондарының жаңаруы

6.

Орындаушының айына тиісті маршрут бойынша, сондай-ақ зерттеп-қарау жүргізу қорытындысы бойынша отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарына сәйкес орындамауы

Әрбір станция үшін субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,1%

7.

Зерттеп-қарауды жүргізу қорытындысы бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне қойылатын талаптарын орындамаған фактісін(лерін) анықтау

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,1%

8.

Мемлекеттік көліктік бақылау органдары тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарда билетсіз тіркелмеген адамдарды
(бұдан әрі - адам) тасымалдау фактісін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) Жолаушылар поездарында 10 адамға дейін – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) Жолаушылар поездарында 20 адамға дейін – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) Жолаушылар поездарында 30 адамға дейін – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) Жолаушылар поездарында 40 адамға дейін – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) Жолаушылар поездарында 40 адамнан астам – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%.

9.

Мемлекеттік көліктік бақылау органдары Орындаушының Шарт бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушіге төленген субсидиялардың қайтарудың талаптарының
7-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарда қозғалыс қауіпсіздігіне Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қауіп төндірмейтін қағидаларын бұзу (бұдан әрі – бұзушылық) фактілерін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген тиісті әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) жолаушылар поездарында 10-нан бастап бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) жолаушылар поездарында 20-дан бастап бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) жолаушылар поездарында 30-дан бастап бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) жолаушылар поездарында 40-тан бастап бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) жолаушылар поездарында 50-ден астам бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%.

10.

Тапсырыс беруші зерттеп-қарау қорытныдысы бойынша Шарттың 4-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес келмеу фактісін анықтаған жағдайда

Субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген сәйкес келетін жыл және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен:
1) жолаушылар поездарында 10-нан бастап бұзушылық – 0,1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,01%;
2) жолаушылар поездарында 20-дан бастап бұзушылық – 0,2%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,02%;
3) жолаушылар поездарында 30-дан бастап бұзушылық – 0,3%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,03%;
4) жолаушылар поездарында 40-тан бастап бұзушылық – 0,4%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,04%;
5) жолаушылар поездарында 50-ден астам бұзушылық – 1%, электрлік секциялар мен дизельдік поездарда – 0,5%.

11.

Орындаушының Шарттың
7-тармағының 2), 3), 5), 6), 8), 9),10) тармақшаларын орындамауы

Жойғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн үшін субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген жыл және тиісті әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша субсидия көлемінен 0,001%

12.

Орындаушының Шарттың 7-тармағының 4) тармақшасын орындамауы

Орындаушының кінәсі бойынша жыл қорытындысы бойынша екінші сағаттың бірінші минутынан бастап поездардың әрбір 1 сағат сайын кешігуіне субсидиялаудың негізгі талаптарында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар және жылдар бойынша субсидия көлемінен 0,001%

      Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы 20___жылғы "__" _______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

"Тапсырыс беруші"

"Орындаушы"

______________________________
(толық атауы)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(деректемелері)
______________________________
(лауазымы)
______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(қолы)
______________________________
мөрдің орны(бар болған жағдайда)

______________________________
(толық атауы)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(деректемелері)
______________________________
(лауазымы)
______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(қолы)
______________________________
мөрдің орны(бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 ж. 16 қарашадағы
№ 793 бұйрығына
2-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау шартына
9-қосымша
нысан

      20__ жылғы ________ № ___ Шарт сәйкестігіне

      ______________________________________________________ жататын

      ________________________________ қатынасындағы

      № ______ жолаушылар поездарын

      тексеру актісі

      (20___ жылғы/_________/_______________)

      Станциялар тізбесінің сәйкестігі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған

      ақпараттардың өзектілігіне сәйкестігі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Негізгі шарттарды дамытудың іс-шараларын орындау:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша:_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады