Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 08.04.2020 № 368 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10608 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша аңықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша аңықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 668 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 132 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама
20__ жылғы "___" __________ №_________
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы )
"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және тексеру нәтижелері туралы
20__ жылғы "____" ____________ №____ актінің негізінде "Оңалту және банкроттық туралы"
2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді жүзеге
асыратын _______________________________________________________________ қатысты
(борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы)
Сізді, _____________________________________________________________________
(уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
________________________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН/БСН: ____________________________________________________
борышкердің мекенжайы: ___________________________________________________
(индексі, облыс, қала, мекенжайы)
Рәсім түрі: _______________________________________________________________
20__жылғы "___" ____ №___ тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар
туралы__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ хабардар етеді.
(оңалту және банкроттық туралы заңнаманың нормаларын бұзушылықтар)
Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар
хабарламаларды орындауды хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап
жиырма жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ
уәкілетті органға хабарламаның орындалғаны туралы есепті беру арқылы жүзеге асырады.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 157-бабының 1-тармағына сәйкес бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерілетін
субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi
тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның шешімдеріне,
iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға не сотқа шағымдануға құқылы.
Қосымша: анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы ____ парақта.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары):
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
Хабарламаны алды: ___________________________________________________
______________________________________________________________________________
(Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге берілді: _________________________________________________
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге жіберілді: _______________________________________________
______________________________________________________________________________
(жіберілгенін және (немесе) алынғанын дәлелдейтін құжат)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 668 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 132 бұйрығына 4-қосымша |
|
Нысан |
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
20__ жылғы "___" __________ №______
______________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы )
"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес "Оңалту және банкроттық туралы"
2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді жүзеге
асыратын _______________________________________________________________________
________________________________________________________________________ қатысты
(борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы)
Сізді, _____________________________________________________________________
(уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
________________________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН/БСН: ____________________________________________________
борышкердің мекенжайы: ___________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(индексі, облыс, қала, мекенжайы)
Рәсім түрі: ___________________________________
Сізді 20__жылғы "___" _______ бұзушылықтар туралы _________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ хабардар етеді.
(оңалту және банкроттық туралы заңнаманың нормаларын бұзушылықтар)
Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар
хабарламаларды орындауды хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап
жиырма жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ
уәкілетті органға хабарламаның орындалғаны туралы есепті беру арқылы жүзеге асырады.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
бабының 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тексерудің нәтижесінде және бақылау мен
қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою
туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау
тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады.
Қосымша: анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы ____ парақта.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары): ____________________
______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
Хабарламаны алды: ___________________________________________________
______________________________________________________________________________
(Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге берілді:____________________________________________
______________________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге жіберілді: ______________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жіберілгенін және (немесе) алынғанын дәлелдейтін құжат)