"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 449 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 16081 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

      "4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде келесі құжаттар болуы қажет:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134 болып тіркелген) индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық, "Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық, "Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістік жоспары (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);

      3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;

      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.";

      10, 15, 16, 17-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 28 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады