"Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 1512 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 16089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі:

      1) тестілеу: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ;

      сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);

      2) білімін тексеру: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – үш сұрақты қамтитын, сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша;

      7. Сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Емтихандарды тапсыру барысында адамның көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.".

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады