Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16161 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 416 бұйрығымен
бекітілген

Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және экономикалық шоғырлануға келісім беру бойынша өтінішхатты немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезінде қолданылады.

      2. Әдістеме монополияға қарсы органның тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Негізгі ұғымдар

      3. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) құзыретті орган – экономиканың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) мәмілеге қатысушылардың тауарлары – экономикалық шоғырлануға мәміле жасасқанға дейін мәмілеге қатысушылар өткізетін және мәмілеге қатысушылар ол аяқталғаннан кейін өткізілуі жоспарланатын (жоспарлаған) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

      3) өтініш беруші – экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;

      4) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өнім берушілері (сатушылар, тапсырыс берушілер) – өз қызметінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізетін нарық субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілерден соңғы тұтынушыларға жылжыту бойынша қызметтер көрсететін сауда және делдал ұйымдар;

      5) Экономикалық шоғырлануға келісім – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;

      6) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

      7) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы және (немесе) монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану мәмілелерінің күшін жою туралы нұсқама шығаруы.

      Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері мен кезеңдері

      4. Экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері монополияға қарсы органға:

      1) Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат);

      2) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) келіп түсуі болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. 40 күнтізбелік күн ішінде (Кодекстің 205-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес мерзімдерді тоқтата тұру құқығымен) монополияға қарсы органның өтінішхатты қарау барысында экономикалық шоғырлануды бағалауды жүргізуі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) өтінішхатқа қоса берілетін, Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттаманың толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) егер мәмілеге қатысушы тұлғалар (тұлғалар тобы) өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;

      3) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестікті шектеу көрсеткіштерін есептеу;

      4) монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдауы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Монополияға қарсы органның хабарламаны қарау барысында экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізуі мынандай кезеңдерді қамтиды:

      1) Кодекстің 207-бабында көзделген, хабарламаға қоса берілетін құжаттаманың және мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) Кодекс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан экономикалық шоғырланудың жасалғанын растайтын шартты немесе өзге де құжатты қарау;

      3) бәсекелестіктің шектелуі немесе жойылуы, оның ішінде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюі арқылы шектелуі немесе жойылуы тұрғысынан экономикалық шоғырлануды қарау;

      4) Кодекстің 209-бабына сәйкес монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешім қабылдауы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Экономикалық шоғырлануды бағалау кезінде ақпарат ретінде қажеттілігіне қарай:

      1) экономикалық шоғырлануға қатысушылардан;

      2) тұтынушылар пікіртерімі барысында;

      3) мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан;

      4) құзыретті мемлекеттік органдардан;

      5) экономикалық шоғырландыруға қатысушылармен ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды немесе Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын нарық субъектілерінен;

      6) монополияға қарсы органның өз зерттеулері барысында;

      7) қауымдастықтардан, қоғамдық бірлестіктерден, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған мәліметтер;

      8) нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген маркетингтік, әлеуметтанушылық зерттеулердің, іріктелген пікіртерімдер мен сауалнамалардың деректері пайдаланылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Экономикалық шоғырлану жасалған кезде тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу

      8. Егер экономикалық шоғырлануға қатысушылар тауарлары ішінде ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарлар болмаған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 196-бабына және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеменің 7-тармағына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27883 болып тіркелген).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35% және одан төмен пайызды құраса, сондай-ақ бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануды жасауға келісім береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35%-дан астам болған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасау кезінде бәсекелестікті шектеу көрсеткіштеріне есептеу жүргізеді.

      Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасауға жол бермейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Экономикалық шоғырлану жасалған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу

      12. Бәсекелестікті шектеудің болуын, пайда болуын немесе күшеюін анықтау үшін монополияға қарсы орган бәсекелестікті шектеудің мынадай көрсеткіштерін пайдаланады:

      1) мәміле жасалғаннан кейін тиісті тауар нарығында мәмілеге қатысушылардың жиынтық үлесі 35% -ды құрайды немесе одан асады;

      2) нарықтық шоғырлану көрсеткіштерінің өзгеруі: мәміле жасалған жағдайда тауардың тиісті нарығында Герфиндаль - Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (HHІ) өзгереді:

      қалыпты шоғырландырылған нарық үшін 250-ден артық мөлшерге (1000 < ННІ < 2000);

      жоғары шоғырландырылған нарық үшін 100-ден артық мөлшерге (2000 < ННІ < 10000);

      нарық субъектілерінің төмен шоғырландырылған нарықтарда (HHІ 1000) бірігуінің нәтижесінде нарыққа теріс салдарлардың болу ықтималдығы аз;

      3) мәміле жасалғаннан кейін нарыққа ықтимал кіру/шығу кедергілерінің пайда болуы;

      4) Лернер индексі

      0,5 болғанда, мәмілеге қатысушылардың бірімен мәміле жасалғаннан кейін нарықтық биліктің пайда болуы немесе күшеюі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Герфиндаль – Гиршман (ННI) нарықтық шоғырлану индексі нарықта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындары үлестері квадраттарының сомасы ретінде есептеледі және үлестер немесе пайыздармен өлшенеді:

      HHI = S12 + S22 + ... + Sn2,

      мұнда:

      S1, S2 ... Sn – нарықтағы фирмалардың үлестері;

      n – нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны.

      Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі нарықтың монополиялану дәрежесін, онда нарық субъектілерінің болуының біркелкілігін (немесе біркелкі еместігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында өнімді әртүрлі ауқымда жеткізетін өнім берушілер неғұрлым көп болған сайын, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым төмен болады.

      Нарықтық шоғырлануды айқындау кезінде тиісті тауар нарығында адамдар тобы айқындалады. Бұл ретте адамдар тобы бірыңғай нарық субъектісі ретінде қаралады.

      14. Мәміледен кейін нарыққа кіру/шығу кедергілеріне мыналар жатады:

      1) экономикалық шектеулер, оның ішінде:

      осы салымдардың өзін-өзі ақтау мерзімдері ұзақ болғанда айтарлықтай бастапқы күрделі салымдарды жүзеге асыру қажеттігі;

      қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерімен салыстырғанда, әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыру тартудың барынша жоғары шығындары;

      қажетті ресурстарға және зияткерлік меншік құқықтарына, ақпарат алуға қолжетімділік алу шығындары;

      ұсынысы шектелген және қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің арасында бөлінген ресурстарға әлеуетті қатысушылардың қолжетімділігінің болмауы;

      нарық субъектілері үшін өндірістің (өндіріс ауқымының әсері) мұндай көлеміне қол жеткізгенге дейін өнім бірлігінің барынша жоғары шығындарына негізделген экономикалық тұрғыдан ақталған ең аз өндіріс көлемінің болуы;

      нарықтың әлеуетті қатысушылары алдында, атап айтқанда, өнім бірлігінің шығындары бойынша және тауарға сұраныс бойынша қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің артықшылығы;

      2) мемлекеттік органдар енгізген әкімшілік шектеулер, оның ішінде:

      қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау шарттары;

      квоталау;

      тауарларды әкелуді-әкетуді шектеулер;

      белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру, ұтқыр қуаттарды қолдау, жұмыс орындарын және әлеуметтік инфрақұрылымдарды сақтау талаптары;

      жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер беру;

      жер учаскелерін бөлуге, өндірістік және өзге де үй-жайлар беруге кедергілер;

      мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауар берушілерді конкурстық іріктеу шарттары;

      экологиялық шектеулер, оның ішінде өндірістік қуаттарды және көлік инфрақұрылымы объектілерін салуға тыйым салу;

      стандарттар және сапаға қойылатын талаптар;

      3) тауар нарығында жұмыс істеп тұрған компаниялардан технологиялық тұрғыдан асып түсуді білдіретін технологиялық шектеулер;

      4) өзге де шектеулер:

      тауар нарығында жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерінің нарыққа кіру тосқауылдарын жасауға бағытталған әрекеттерінің стратегиясы, оның ішінде:

      монополиялық төмен баға белгілеу;

      жосықсыз бәсекелестік;

      тауар нарығында жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерінің ішінде нарыққа кіруге тосқауыл жасауға әкелетін сатылас интеграцияланған нарық субъектілерінің болуы:

      нарықтың басқа әлеуетті қатысушыларымен салыстырғанда, сатылас интеграцияланған нарық субъектілерінің қатысушылары үшін артықшылық туғызады;

      нарықтың әлеуетті қатысушыларының сатылас интеграциялануға қатысу қажеттілігін талап етеді, бұл нарыққа кіру шығасыларын ұлғайтады;

      тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу барысында анықталған тауар нарығына кіруге басқа да шектеулер.

      15. Лернер индексі тауар бағасы мен оны өндірудің шекті шығасылары арасындағы бағаға жатқызылған айырма ретінде есептеледі:



      мұнда:

      L – Лернер индексі;

      Р – тауардың босату бағасы;

      МС – тауар өндірудің шекті шығасылары.

      Аталған көрсеткіш монополия жағдайында ресурстарды тиімсіз орналастыруға байланысты шекті шығындардан бағаның ауытқығанын көрсетеді. Кәсіпорынның өткізу бағасы бәсекелес бағалардан неғұрлым көп ауытқыса, Лернер коэффициенті соғұрлым жоғары.

      Бұл коэффициент толық бәсекелес нарық үшін нөлге тең (нарықтық билік жоқ); монополистік бәсекелестік нарығы үшін 0,3 – 0,5 диапазонында тұр; олигополия нарығы үшін – кәсіпорындар (олар неғұрлым аз болса, Лернер коэффициенті соғұрлым көп болады) санына қарай 0,6 – 0,8 диапазонында; үстем кәсіпорындары бар нарықтар үшін ол 0,8-0,9-ға жетуі мүмкін, монополия нарығы үшін 1-ге жақындайды.

6-тарау. Экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар

      16. Экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын қорытынды қалыптастырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қорытындыны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға мынадай:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;

      2) экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Кодекстің 209-бабына сәйкес хабарламаны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган шешім қабылдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің төрағасы
________________________
(барыс септігінде)
________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
тегі, БСН және
(немесе) ЖСН
(болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)

      200-бабының 2-тармағын сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,

      іс-әрекеттің сипаттамасы)

      _____________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      ____________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________ негізінде

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      тегі көрсетіледі) беріліп отыр.

      Құжаттама ______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)

      сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             ____________________________

      Өтінішхат берілген күн             "___"_____________ __________

      Өкілдің байланыс мәліметтері       _____________________________

  Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агентігінің төрағасы
_________________________
(барыс септігінде)
_________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі,
БСН және (немесе)
ЖСН (болған жағдайда)

Жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 24.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының 1-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (мәмілеге қатысушылардың атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      жасалған (жоспарланған) экономикалық шоғырлану туралы хабардар етемін,

      ол мыналарға негізделеді:

нарық субъектісінің (оның ішінде сенімгерлік басқаруға арналған шарттың, бірлескен қызмет туралы келісімнің, комиссия шартының негізінде) кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде басқа нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқамалар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды сатып алу

аталған субъектілерде көрсетілген жеке тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайлар анықтаған жағдайда, екі және одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, бақылау кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына бір жеке тұлғалардың қатысуы

      Мәміленің, іс-қимылдың сипаттамасы

      ___________________________________________________________________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Атауы/аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      ___________________________________________________________________

      БСН/ЖСН



      Ұсынылған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіштері қосымша беріледі).

      Қоса беріліп отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             ___________________________

      Өтінішхат берілген күн             "____"_____________ _______

      Өкілдің байланыс мәліметтері       ___________________________



Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года № 416. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2017 года № 16161.

      Примечание РЦПИ!
Вводится в действие с 01.01.2018

      В соответствии с подпунктом 16) статьи 90-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки экономической концентрации на товарных рынках.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках на официальное опубликование в периодические печатные издания, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

  Утверждена
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 14 декабря 2017 года № 416

Методика оценки экономической концентрации на товарных рынках

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки экономической концентрации на товарных рынках (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 16) статьи 90-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года (далее – Кодекс) и применяется при рассмотрении ходатайств о предоставлении согласия на экономическую концентрацию или уведомлений о совершенной экономической концентрации.

      2. Методика определяет механизм оценки экономической концентрации на товарных рынках антимонопольным органом.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 19.07.2023 № 10 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Основные понятия

      3. В Методике применяются следующие понятия:

      1) компетентный орган – государственный орган, осуществляющий управление соответствующей отраслью (сферой) экономики;

      2) товары участников сделки – товары (работы, услуги), реализуемые участниками сделки до совершения сделки экономической концентрации и планируемые (запланированные) к реализации участниками сделки после ее совершения;

      3) заявитель – лицо, подавшее ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию или уведомление о совершенной экономической концентрации;

      4) поставщики (продавцы, заказчики) товара (работы, услуги) – субъекты рынка, реализующие товары (работы, услуги) собственной деятельности, а также торговые и посреднические организации, оказывающие услуги по продвижению товара от производителей к конечным потребителям;

      5) согласие на экономическую концентрацию – согласие антимонопольного органа на осуществление сделок, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 1 статьи 201 Кодекса;

      6) участник экономической концентрации – физическое или юридическое лицо, совершившее или намеревающееся совершить экономическую концентрацию;

      7) запрет на экономическую концентрацию – запрет антимонопольного органа на осуществление сделок, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 1 статьи 201 Кодекса, и (или) вынесение антимонопольным органом предписания об отмене сделок экономической концентрации, предусмотренных подпунктами 4) и 5) пункта 1 статьи 201 Кодекса.

      Иные понятия и термины, используемые в Методике, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Основания и этапы проведения оценки экономической концентрации

      4. Основаниями проведения оценки экономической концентрации являются поступление в антимонопольный орган:

      1) ходатайства о даче согласия на экономическую концентрацию, представленного заявителем по форме согласно приложению 1 к Методике (далее – ходатайство);

      2) уведомления о совершенной экономической концентрации, предусмотренной подпунктами 4) и 5) пункта 1 статьи 201 Кодекса, представленного заявителем по форме согласно приложению 2 к Методике (далее – уведомление).

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. В течение 40 календарных дней (с правом приостановления сроков в соответствии с пунктами 3 и 5 статьи 205 Кодекса) проведение антимонопольным органом оценки экономической концентрации в ходе рассмотрения ходатайства включает следующие этапы:

      1) проверка полноты и достоверности прилагаемой к ходатайству документации, предусмотренной статьей 204 Кодекса;

      2) проведение анализа состояния конкуренции на товарных рынках при совершении экономической концентрации в случае, если лица, участвующие в сделке (группа лиц), осуществляют деятельность по реализации взаимозаменяемых товаров и (или) наличии признаков ограничения конкуренции;

      3) расчет показателей ограничения конкуренции, при выявлении на одном и более товарных рынках возникновения или усиления ограничения конкуренции;

      4) принятие антимонопольным органом решения по результатам оценки экономической концентрации.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Проведение антимонопольным органом оценки экономической концентрации в ходе рассмотрения уведомления включает следующие этапы:

      1) проверка полноты и достоверности прилагаемой к уведомлению документации и сведений, предусмотренных статьей 207 Кодекса;

      2) рассмотрение договора или иного документа, подтверждающего совершение экономической концентрации, на предмет соответствия требованиям Кодекса;

      3) рассмотрение экономической концентрации на предмет ограничения или устранения конкуренции, в том числе путем возникновения или усиления доминирующего положения субъекта рынка;

      4) принятие антимонопольным органом решения по уведомлению о совершенной экономической концентрации в соответствии со статьей 209 Кодекса.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При оценке экономической концентрации в качестве информации, при необходимости используются сведения, полученные:

      1) от участников экономической концентрации;

      2) в ходе опроса потребителей;

      3) от государственного органа, осуществляющего руководство в сфере государственной статистической деятельности;

      4) от компетентных государственных органов;

      5) от субъектов рынка, осуществляющих производство, реализацию, экспорт или импорт в Республику Казахстан аналогичных или взаимозаменяемых с участниками экономической концентрации товаров;

      6) в ходе собственных исследований антимонопольного органа;

      7) от ассоциаций, общественных объединений, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен";

      8) данные маркетинговых, социологических исследований, выборочных опросов и анкетирования субъектов рынка, граждан, общественных организаций.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Проведение анализа состояния конкуренции на товарном рынке при совершении экономической концентрации

      8. В случае, если среди товаров участников экономической концентрации отсутствуют аналогичные или взаимозаменяемые товары и (или) наличии признаков ограничения конкуренции, руководителем антимонопольного органа или лицом, его замещающим, принимается решение о согласии на экономическую концентрацию и в течение трех рабочих дней со дня принятия такого решения направляется заявителю.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В случае, если лица, участвующие в сделке (группа лиц), осуществляют деятельность по реализации аналогичных или взаимозаменяемых товаров и (или) при наличии признаков ограничения конкуренции, антимонопольным органом проводится анализ состояния конкуренции на товарном рынке в соответствии со статьей 196 Кодекса и пунктом 7 Методики по проведению анализа состояния конкуренции на товарных рынках, утвержденной приказом Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 3 мая 2022 года № 13 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27883).

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 19.07.2023 № 10 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. В случае, если по результатам анализа состояния конкуренции на товарном рынке совокупная доля участников экономической концентрации на товарном рынке составляет 35% и менее, а также отсутствуют признаки ограничения конкуренции, антимонопольным органом предоставляется согласие на совершение экономической концентрации.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. В случае, если по результатам анализа состояния конкуренции на товарном рынке совокупная доля участников экономической концентрации на товарном рынке составляет более 35%, антимонопольным органом производится расчет показателей ограничения конкуренции при совершении экономической концентрации.

      Антимонопольным органом не допускается совершение экономической концентрации, если экономическая концентрация приводит к ограничению конкуренции.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Расчет показателей ограничения конкуренции при совершении экономической концентрации

      12. Для выявления наличия, возникновения или усиления ограничения конкуренции антимонопольным органом используются следующие показатели ограничения конкуренции:

      1) совокупная доля участников сделки составит или превысит 35% на соответствующем товарном рынке после совершения сделки;

      2) изменение показателей рыночной концентрации: в случае совершения сделки индекс рыночной концентрации Герфиндаля – Гиршмана (ННI) на соответствующем товарном рынке изменится:

      более чем на 250 для умеренноконцентрированного рынка (1000 < ННI < 2000);

      более чем на 100 для высококонцентрированного рынка (2000 < ННI < 10000);

      негативные последствия на рынок в результате слияния субъектов рынка на низкоконцентрированных рынках (ННI < 1000) маловероятны;

      3) возникновение возможных барьеров входа/выхода на рынок после сделки;

      4) возникновение или усиление рыночной власти после сделки у одного из участников сделки, когда Индекс Лернера ≥ 0,5.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Индекс рыночной концентрации Герфиндаля – Гиршмана (ННI) рассчитывается как сумма квадратов долей всех предприятий, действующих на рынке, и измеряется в долях или процентах:

      HHI = S12 + S22 + ... + Sn2,

      где:

      S1, S2 ... Sn – доли фирм на рынке (%);

      n – число хозяйствующих субъектов на рынке.

      Индекс рыночной концентрации Герфиндаля – Гиршмана дает возможность сделать предварительную оценку степени монополизации рынка, равномерности (или неравномерности) присутствия на нем субъектов рынка. Чем больше поставщиков с разномасштабной поставкой продукции действует на соответствующем товарном рынке, тем меньшее значение имеет данный показатель.

      При определении рыночной концентрации на соответствующем товарном рынке определяется группа лиц. При этом, группа лиц рассматривается как единый субъект рынка.

      14. К барьерам входа/выхода на рынок после сделки относятся:

      1) экономические ограничения, в том числе:

      необходимость осуществления значительных первоначальных капитальных вложений при длительных сроках окупаемости этих вложений;

      более высокие затраты привлечения финансирования для потенциальных участников по сравнению с субъектами рынка, действующими на рассматриваемом товарном рынке;

      затраты получения доступа к необходимым ресурсам и правам интеллектуальной собственности, на получение информации;

      отсутствие доступа потенциальных участников к ресурсам, предложение которых ограничено и которые распределены между субъектами рынка, действующими на рассматриваемом товарном рынке;

      наличие экономически оправданного минимального объема производства, обусловливающее для субъектов рынка более высокие затраты на единицу продукции до момента достижения такого объема производства (эффект масштаба производства);

      преимущества субъектов рынка, действующих на рассматриваемом товарном рынке, перед потенциальными участниками рынка, в частности, по затратам на единицу продукции и по спросу на товар;

      2) административные ограничения, вводимые государственными органами, в том числе:

      условия лицензирования отдельных видов деятельности;

      квотирование;

      ограничения ввоза-вывоза товаров;

      требования обязательного удовлетворения определенного спроса, поддержания мобилизационных мощностей, сохранения рабочих мест и социальной инфраструктуры;

      предоставление льгот отдельным субъектам рынка;

      препятствия в отведении земельных участков, предоставлении производственных и иных помещений;

      условия конкурсного отбора поставщиков товара для государственных нужд;

      экологические ограничения, в том числе запрещение строительства производственных мощностей и объектов транспортной инфраструктуры;

      стандарты и предъявляемые к качеству требования;

      3) технологические ограничения, которые подразумевают технологическое превосходство уже действующих на товарном рынке компаний;

      4) иные ограничения:

      стратегия поведения действующих на товарном рынке субъектов рынка, направленная на создание барьеров входа на рынок, в том числе:

      установление монопольно низких цен;

      недобросовестная конкуренция;

      наличие среди действующих на товарном рынке субъектов рынка вертикально-интегрированных субъектов рынка, которое приводит к созданию барьеров входа на рынок, в том числе:

      создает преимущества для участников вертикально-интегрированных субъектов рынка по сравнению с другими потенциальными участниками рынка;

      требует необходимости участия потенциальных участников рынка в вертикальной интеграции, что увеличивает издержки входа на рынок;

      другие ограничения входа на товарный рынок, выявляемые в ходе анализа состояния конкуренции на товарном рынке.

      15. Индекс Лернера рассчитывается как разница между ценой товара и предельными издержками его производства, отнесенная к цене:

      L= (P-MC)/P,

      где:

      L – Индекс Лернера;

      Р – отпускная цена товара;

      МС – предельные издержки производства товара.

      Данный показатель отражает отклонение цены от предельных затрат, связанных с неэффективным размещением ресурсов в условиях монополии. Чем больше цена реализации предприятия отклоняется от конкурентных цен, тем выше коэффициент Лернера.

      Этот коэффициент для совершенно конкурентного рынка равен нулю (рыночная власть отсутствует); для рынка монополистической конкуренции находится в диапазоне 0,3 – 0,5; для рынка олигополии – в диапазоне 0,6 – 0,8 в зависимости от числа предприятий (чем их меньше, тем будет больше коэффициент Лернера); для рынков с доминирующим предприятием он может достигать 0,8-0,9, а для рынка монополии приближается к 1.

Глава 6. Выводы по результатам оценки экономической концентрации

      16. По результатам оценки экономической концентрации формируется заключение, которое подписывается руководителем соответствующего структурного подразделения антимонопольного органа или лицом, его замещающим.

      Сноска. Пункт 16 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. По результатам рассмотрения заключения руководителем антимонопольного органа или лицом, его замещающим, принимается одно из следующих решений:

      1) о согласии на экономическую концентрацию;

      2) о запрете на экономическую концентрацию.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. По результатам рассмотрения уведомления антимонопольным органом принимается решение в соответствии со статьей 209 Кодекса.

      Сноска. Пункт 18 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1 к Методике
оценки экономической концентрации
на товарных рынках
  Форма
  Председателю Агентства по
защите и развитию конкуренция
Республики Казахстан
_______________________
от_____________________
(полное наименование и
(или) фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
услугополучателя БИН и
(или) ИИН (при наличии)

            Ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 200 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан (далее – Кодекс) прошу предоставить согласие на экономическую концентрацию, заключающуюся в
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(описание сделки, действия, с указанием предмета и сторон сделки, действия)
Настоящее ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию подается
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(указывается наименование/ фамилия, имя, отчество (при его наличии) услугополучателя)
на основании _______________________________________________________
(указывается подпункт пункта 1 статьи 201 Кодекса)
Документация прилагается в соответствии
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(указывается пункт статьи 204 Кодекса)
Представляемые документы пронумерованы (электронный носитель прилагается).
Полноту и достоверность прилагаемых документов и сведений подтверждаю.
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Подпись руководителя
или лица, его замещающего ________________________
Дата подачи ходатайства "___"___________ _______
Контакты представителя ________________________

  Приложение 2 к Методике
оценки экономической концентрации
на товарных рынках
  Форма
  Председателю Агентства по
защите и развитию конкуренция
Республики Казахстан
_______________________
от_____________________
(полное наименование и
(или) фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
услугополучателя БИН и
(или) ИИН (при наличии)

            Уведомление о совершенной экономической концентрации

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 24.02.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 200 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан_______________________________________________________________
(наименование, фамилия, имя, отчество (при его наличии) участников сделки)
уведомляю о совершенной (планируемой) экономической концентрации, заключающейся в:

приобретении субъектом рынка прав (в том числе на основании договора о доверительном управлении, договора о совместной деятельности, договора поручения), позволяющих давать обязательные для исполнения указания другому субъекту рынка при ведении им предпринимательской деятельности либо осуществлять функции его исполнительного органа


участии одних и тех же физических лиц в исполнительных органах, советах директоров, наблюдательных советах или других органах управления двух и более субъектов рынка при условии определения указанными физическими лицами в данных субъектах условий ведения их предпринимательской деятельности


      Описание сделки, действия _______________________________________
____________________________________________________________________
Сведения о заявителе:
Наименование/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
____________________________________________________________________
БИН/ИИН




      Представляемые документы пронумерованы (электронныйноситель прилагается).
Полноту и достоверность прилагаемых документов и сведений подтверждаю.
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Подпись руководителя
или лица, его замещающего ___________________________
Дата подачи ходатайства "____"__________ __________
Контакты представителя ___________________________