Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шілдеде № 33136 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 19 шілдедегі
№ 10 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16161 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістеме монополияға қарсы органның тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 196-бабына және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеменің 7-тармағына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27883 болып тіркелген).";

      2. "Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16226 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау жөніндегі әдістемеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мәмілеге қатысушы тұлғалардың (тұлғалар тобының) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған кезде монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығымен бекітілген Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27836 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 12 Әдістеме).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша қаржы нарығындағы экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі:

      тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі екі қаржы ұйымында елу және одан көп пайыз;

      тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі үш қаржы ұйымында жетпіс немесе одан көп пайыз болса,

      монополияға қарсы орган № 12 Әдістемеге сәйкес экономикалық шоғырлануды жасау кезінде бәсекелестік жай-күйінің көрсеткіштерін есептейді.

      Экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым салынады.";

      3. "Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14948 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың қосымша қызмет түрлері құрылатын және (немесе) жүзеге асырылатын тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу кезінде бастапқы ақпарат ретінде мыналар пайдаланылады:

      1) нарық субъектілерінің қызметін сипаттайтын мемлекеттік статистикалық есептіліктің деректері;

      2) салалық министрліктер мен ведомстволардан, олардың аумақтық органдарынан алынған мәліметтер;

      3) жергілікті атқарушы және өкілді органдардан алынған мәліметтер;

      4) жеке және заңды тұлғалардан алынған мәліметтер;

      5) монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өзінің зерттеулерінің деректері;

      6) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері;

      7) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауал жүргізудің және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген сауалнамалардың деректері.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Монополияға қарсы орган өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейткен және (немесе) өзгерткен кезде мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру туралы өтінішхатты осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы органның бұрын берілген келісімдерін қоса бере отырып;

      2) мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қосымша қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы заннамасының талаптарына сәйкестігін айқындау;

      3) мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      4) жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің қайталануына жол бермеу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілері және мемлекеттік заңды тұлғалар бөлінісінде тауар нарығында қызмет ететін нарық субъектілерінің санын айқындау;

      5) мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға қатысқан кезде тауар нарығы дамуының ықтимал сценарийлеріне тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу;

      6) Қорытынды дайындау.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Егер ұсынылған өтінішхат осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеген жағдайда, монополияға қарсы орган не оның аумақтық бөлімшесі өтінішхатты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жіберген тұлғаға оны сәйкестендіру үшін өтінішхат қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді.

      Өтінішхат нұсқауларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде талаптарға сәйкес келтіріледі.

      Өтінішхат белгіленген мерзімде осы Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, монополияға қарсы орган не оның аумақтық бөлімшесі өтінішхатты оны жіберген тұлғаға қайтарады.

      Өтінішхатты қарау кезінде монополияға қарсы органның құзыретіне қолданыстағы қызмет түрлерін алып тастау мәніне қарау кіреді.

      Монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері, егер жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтырса, өтінішхатты келісуден бас тартады.";

      1 және 2-қосымшалар өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27308 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мониторинг осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен (республикалық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының (коммуналдық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) бұйрықтарымен жыл сайын бекітілетін жоспар-кестелерге сәйкес жүргізіледі.

      Мониторинг жүргізу мерзімі екі айдан аспайды. Мониторинг объектісінің үлестес тұлғалары анықталған жағдайда мониторинг жүргізу мерзімі монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының бұйрықтарымен үш айға ұзартылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен ақпарат жинау және өңдеу;

      2) алынған ақпаратқа монополияға қарсы органның келісімін алмай мониторинг объектілерінің құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізу;

      3) алынған ақпаратқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу;

      4) мониторинг объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қорытынды дайындау.".

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтар тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын және
(немесе) олар қосымша қызмет
түрлерін жүзеге асыратын тауар
нарықтарына зерттеп-қарау
жүргізу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
  Нысан
  Монополияға қарсы органның
немесе оның аумақтық
бөлімшесінің бірінші
басшысына
_______________________
_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар құруға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 6-тармағына

      сәйкес қызмет түрі (түрлері) _________________________(қызмет түрінің (түрлерінің)

      атауы және ЭҚЖЖ) болып табылатын ___________________________(заңды тұлғаның

      толық атауы) құруға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Ұсынылған материалдар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса

      беріледі).

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен

      дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік органның

      немесе ұйымның бірінші

      басшысының қолы

  Мемлекеттік кәсіпорын,
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды тұлға
және олармен үлестес заңды
тұлғалар құру туралы
өтінішхат нысанына
қосымша

Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) құруға келісім алу үшін монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі

1

Байланыстырушы адам

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2

Нарық субъектісін құру мақсаты

Нарық субъектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі. Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жеке сектор немесе жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыра алмайтын себептері көрсетіледі

3

Құрылатын нарық субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі

4

Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлері

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің барлық түрлері (статистикалық кодтарды көрсете отырып) тізіп көрсетіледі

5

Құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталының шамасы

Оны қалыптастыру көзін көрсете отырып, жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі

6

Құрылатын нарық субъектісінің санаты (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі)

Құрылатын нарық субъектісі жұмыскерлерінің орташа жылдық саны және орташа жылдық кірісі көрсетіледі (құрылатын нарық субъектісінің санатын айқындау мақсатында)

7

Құрылатын нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құны;
3) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайыздардағы үлесі;
4) құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер.

8

Құрылатын нарық субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар туралы мәліметтер

Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларның) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдар туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдардың қатысуы туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларынан (қатысушыларынан) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер

9

Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары

Өткізуге жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік шекаралары (аудан, қала, облыс)

10

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларда (жұмыста, көрсетілетін қызметтерде) қажеттіліктің жалпы көлемдері туралы мәліметтер

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (заттай көрсеткіштерде) ұсынылады

11

Құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге құрылатын нарық субъектісінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемдері

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (құндық және заттай көрсеткіштерде) ұсынылады

12

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізбесі

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісі қызметінің әрбір түрінің жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын көрсетілетін қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады

13

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде МЖӘ тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісі құру мүмкіндігін қарау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы мүддесін білдіруін сұрату: нарық субъектісін құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың; мемлекеттік кәсіпкерлікті құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың; Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген (республикалық жобалар бойынша) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалардың ресми интернет-ресурсында орналастырылады (жергілікті жобалар бойынша); Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдары/ өкілдіктері), сондай-ақ өтінішхат беру сәтіне дейін кемінде күнтізбелік 30 күнтізбелік күн жария талқылау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бастамашылық етілген жобаларының ерекшеліктеріне байланысты өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында ақпаратты орналастыру. Жария талқылаулар өткізу қорытындылары көрсетіледі: Нарық субъектісін, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын не жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның аумақтық бөлімшелерін (филиалдар/ өкілдіктер) құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның ресми сайтынан жария тыңдаулар Хаттамасы ұсынылады

14

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, оның аумақтық бөлімшелерінен, МЖӘ дамыту орталықтарынан не МЖӘ жобаларына сараптама жүргізуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардан алынған мәліметтер

МЖӘ дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, сараптама жүргізуге уәкілетті (жергілікті жобалар бойынша) заңды тұлғалардың; "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдарының/өкілдіктерінің) мемлекеттік кәсіпорынды құрудың орындылығы туралы ұстанымы ұсынылады.

15

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастыратын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер

Осы географиялық шекараларда ұқсас не өзара алмастыратын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бар бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады

16

Құрылатын нарық субъектісін қаржыландыру көздері, оның ішінде мемлекет тапсырысын орындау арқылы.

Қаржыландыру көзін көрсете отырып (цифрлық және пайыздық арақатынаста) құрылатын нарық субъектісінің құрылған сәтінен бастап үш жылдық кезеңге арналған болжамды кірістері, сондай-ақ болжанатын рентабельділігі көрсетіледі

17

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің кезеңі

Өтемділігін ескере отырып және акциялардың кемінде 50%, (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеліктен шығарудың ықтимал мерзімін көрсетумен құрылатын нарық субъектісі қызметінің болжанатын мерзімі көрсетіледі

18

Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады Өткізу көлемдері күнтізбелік жылға және ұсынылған жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі

19

Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі

20

Өтінішхатты қарауға қажетті қосымша материалдар

Құрылатын нарық субъектісінің Жарғы жобасының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтар тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын және
(немесе) олар қосымша қызмет
түрлерін жүзеге асыратын тауар
нарықтарына зерттеп-қарау
жүргізу жөніндегі әдістемеге
2- қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Монополияға қарсы органның
немесе оның аумақтық
бөлімшесінің бірінші
басшысына
_______________________
_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының Қазақстан

      Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағына сәйкес

      ________________________(заңды тұлғаның толық атауы) жүзеге асыратын қызмет

      түрлерін мынадай редакцияда: ________________________(қызмет түрінің (түрлерінің)

      атауы және ЭҚЖЖ) кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беруді өтінемін.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік органның

      немесе ұйымның бірінші

      басшысының қолы

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар жүзеге асыратын
қызмет түрлерін кеңейту және
(немесе) өзгерту туралы
өтінішхат нысанына
қосымша

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуді және (немесе) өзгертуді келісу кезінде монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі

1

Байланыстырушы адам

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аты, әкесінің аты, тегі, (ол болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2.

Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгертудің мақсаты

Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жеке секторларға өткізілмеу себептері көрсетіледі. Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгертудің негіздемелері тізбеленеді

3

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің қызмет түрлері

Нарық субъектісінің барлық түрлері (ЭҚЖЖ статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді

4

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің жоспарланатын қызмет түрлері

Нарық субъектісінің жоспарланатын барлық түрлері (ЭҚЖЖ статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді

5

Нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

Мыналарды: құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) санын және олардың номиналдық құнын; құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санынан проценттік үлесін; құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтары мен өкілеттігін көрсете отырып, құрылтайшының (қатысушының) әрқайсысы бойынша жалпы ақпарат тізбеленеді

6

Құрылатын нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар туралы мәліметтер

Атауын, қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалардың қатысуы туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер

7.

Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары

Өткізу жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік шекаралары (аудан, қала, облыс)

8

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларға қажеттіліктің жалпы көлемі туралы мәліметтер

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады

9

Құрылатын нарық субъектісінің құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемі

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай және құндық көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады

10

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізілімі

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлерінің әрқайсысының жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады

11

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастырылатын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер

Осы географиялық шекаралар шегінде қызметтің ұқсас не өзара алмастырылатын түрлерін жүзеге асыратын қазіргі бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады

12

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлемі

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады Өткізу көлемі күнтізбелік жылға және өтінішхатты берген жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі

13.

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі

14

Өтінішхатты қарауға қажет қосымша материалдар

Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады