"Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 745 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16164 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 21 шілдедегі № 103 (1919) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды пайдалану қағидасында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тармақ иеленуші (контрагент) шартты негізінде тасымалдау процесінің қатысушыларына кірме жолдар қызметтерін көрсетеді.

      Тармақ иеленуші (контрагент) табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге шарт жасасады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кірме жолдарды пайдалану жоспарланған және жоспардан тыс жұмыстарды орындаған жағдайларда, қозғалыс қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның, контейнерлердің, жүктердің сақталуына қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көліктік бақылау органының актісі негізінде тармақ иеленушімен тоқтатылады.

      Жоспарланған жұмысты тармақ иеленушілер жұмыстың басталуы мен аяқталуы көрсетілген, кірме жолдардың жөндеу жұмыстарының графигі негізінде орындайды. Кірме жолдардың жөндеу жұмыстары жоспарланған жоспарлы жұмысты өткізу кестесін тармақ иеленуші күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей бекітеді.

      Жоспардан тыс жұмыс "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес мемлекеттік көліктік бақылау органының анықталған бұзушылықтар туралы акті негізінде жүргізіледі.

      10. Тармақ иеленушілер өздерінің орналасқан аумағы шегінде кірме жолдарды жарықпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ кірме жолдарында қоқыстар мен қардан, арам шөптен және қалдық жүктерден тазарту жұмыстарын жүргізеді, жолдың жоғарғы құрылымының және оның элементтерінің сел және жаңбыр суынан тазарту жұмыстарын жүргізеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Вагондарды тиеу, түсіру және қабылдау – тапсыру орнынан беру-алып кету уақыты қабысу станциясының технологиялық жұмыстары негізінде орнатылады және тасымалдаушы тармақ иеленушіге оның талабы бойынша көрсететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бекітілген Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру-алып кету ведомствосына сәйкес есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

      "24. Тармақ иеленуші кірме жолдарға қызмет көрсету туралы шарт жасасқан кезде немесе шарттың қолдану мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасқан кезде шартқа жоспарлы жұмыстарды жүргізу кестесінің көшірмесін қоса ұсынады, сондай-ақ оны өзінің интернет ресурсында (бар болған кезде) орналастырады.

      Жоспарланған жұмыстардың кестесі өзгерген жағдайда тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметті пайдаланушыға және контрагентке жұмыстың басталуына дейін кемінде 15 жұмыс күні ішінде жоспарлы жұмыстар кестесінің өзгеруі туралы жазбаша түрде хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады