РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық және қаулы 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 75 және ҚР Қаржы министрінің 01.09.2020 № 799 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 75 және ҚР Қаржы министрінің 01.09.2020 № 799 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
2. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері осы бірлескен бұйрық және қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмей ішкі құжаттаманы осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың және қаулының көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық және қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
2017 жылғы "___" _______ | 2017 жылғы "___" _______ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 561 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 244 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 75 және ҚР Қаржы министрінің 01.09.2020 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 561 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандаға № 244 қаулысына 2-қосымша |
Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.