Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 913 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17142 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 10 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 13 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 913 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері жатады:

      1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;

      2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;

      3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;

      4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауында тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды республикалық бюджеттен субсидиялау жағдайын қоспағанда (негізгі борыштарды өтеу және қарызға қызмет көрсетуге шығындар) қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды енгізе отырып сатып алуға арналған шығыстар.

      6) анықтама бюросының ақпарат беруі бойынша және вокзалдың жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларына жолаушылардың кіруіне рұқсат беру бойынша теміржол вокзалдары мен станциялардың көрсетілетін қызметтеріне шығыстары.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.".

      2. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесінде:

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кезең шығыстары, оның ішінде өнімнің бірлігіне (вагондар үлгісі бөлігіндегі) үстеме шығындарын жоспарланатын еңбекті өтеу қорының (жолсеріктер мен поез бастықтары) 75% ретінде айқындалады.

      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру шығыстары мынадай формула бойынша есептеледі:

      Rсатуды.ұйымд.= Dжүру *Тпайыз

      мұндағы:

      Rсатуды.ұйымд. – жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру шығыстары;

      Dжол жүру – тиісті вагон, поезд типі бойынша жолаушылар тасымалынан түскен кіріс сомасы;

      Тпайыз – тасымалдаушы мен жолаушылар агенттіктері арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленген мөлшерде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру үшін сыйақы пайызы.".

      3. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау бұйрығында:

      4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін ескере отырып, қаржы институтымен соңғы 6 айда берілген қарыз шартын жасау мүмкіндігі туралы алдын ала оң қорытындыға немесе қаржы институтымен жасалған қарыз шартына ие болуы.";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді немесе қайта тіркеуді растайтын құжатты немесе оның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін;";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, тасымалдаушы немесе оператор мөлшерлемені субсидиялауға құжаттарды берген тасымалдаушыға немесе операторға комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі жолданған күненнен бастап 90 жұмыс күні ішінде қарыз/қаржы лизингі шартының куәландырылған көшірмесін уәкілетті органның мекенжайына ұсынбаған жағдайда, субсидиялау шартын жасасқаны туралы комиссияның шешімі күшін жояды".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады