1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін) бекітілсін.
2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Әкім | Ә. Исекешев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Астана қаласы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ А. Төлеуов
2017 жылы "___" __________
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ А. Әубәкіров
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылы 15 наурыздағы № 17-50 қаулысымен бекітілді |