Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 1150 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша, шешімге қосымшада "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Заңына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №19-1/252 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 11434 болып тіркелген) сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Досаев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласының

      "Алматы" ауданының әкімі                                    Ә. Сәрсембаев

      Астана қаласының

      "Есіл" ауданының әкімі                                          Е. Бөлекпаев

      Астана қаласының

      "Сарыарқа" ауданының әкімі                                    А. Тұрлыбек

      "Астана қаласының Табиғи

      ресурстар және табиғат пайдалануды

      реттеу басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ТРжТПБ) басшысы                                    М. Танабаев

      "Қазақстан Республикасы

      Энергетика Министрлігі

      Экологиялық реттеу, бақылау және

      комитеті Астана қаласы

      бойынша экология департаменті"

      РММ-нің басшысы                                                М. Ошурбаев

      "Қазақстан Республикасы

      Қоршаған орта және су ресурстары

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Есіл

      бассейндік инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің

      (СРПРжҚЕБИ) басшысы                                          М. Аяшев

      "Астана қаласының

      Ауыл шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің (АШБ)

      басшысы                                                      А. Досанов

  Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 220/25-VI шешіміне
1-қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексіне және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) су объектісінің бассейні – гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;

      2) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

      3) өзендерге теңестірілген арналар – суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;

      4) санитарлық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;

      5) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      6) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;

      7) су объектілерін қорғау – су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және үнемі молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;

      8) су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;

      9) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;

      10) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

      11) су режимі – су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;

      12) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

      13) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

      14) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы.

2. Ортақ су пайдалану

      3. Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалануы халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      4. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін.

      5. Ортақ су пайдалану ортақ су пайдалану объектілерімен қатар ортақ су пайдалануға жатпайтын су объектілерінде жүзеге асырылуы мүмкін және арнайы рұқсаттың болуын қажет етпейді.

      6. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      7. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      8. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

      9. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

      9-1. Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қағидаға сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      9-2. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан су нысандарының ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, мынадай орындарда шомылуға жол берілмейді:

      "Алматы" ауданы бойынша:

      1) Есіл өзені, "Күйгенжар" тұрғын алабы, координаттары 51.0988722, 71.711643 бастап 51.099481, 71.713921 дейін;

      2) Есіл өзені, "Күйгенжар" тұрғын алабы, координаттары 51.100890, 71.684022 бастап 51.101614, 71.681885 дейін;

      3) Есіл өзені, "Интернациональный" тұрғын алабы, координаттары 51.118704, 71.604843 бастап 51.117608, 71.606590 дейін;

      4) Есіл өзені, "Интернациональный" тұрғын алабы, координаттары 51.120570, 71.589686 бастап 51.120892, 71.589228 дейін;

      5) Есіл өзені, "Достық" шағын ауданы, координаттары 51.124050, 71.581803 бастап 51.123206, 71.581357 дейін;

      6) Есіл өзені, координаттары 51.147220, 71.441485 бастап 51.142843, 71.442893 дейін;

      7) контрреттегіштің су арнасы, координаттары 51.095924, 71.593302 бастап 51.098834, 71.579842 дейін;

      8) Есіл өзені, координаттары 51.10384, 71.499080 бастап 51.101847, 71.493910 дейін;

      "Байқоңыр" ауданы бойынша:

      1) Есіл өзені, "Ататүрік" саябағының ауданы, координаттары 51.152099, 71.428750 бастап 51.148417, 71.439624 дейін;

      2) Ақбұлақ өзені, координаттары 51.148274, 71.439928 бастап 51.169660, 71.486060 дейін;

      3) "Көгілдір лагуна" қазаншұңқыры, координаттары 51.231347, 71.422926 бастап 51.230401, 71.426112 дейін, 51.230584, 71.422234 бастап 51.229822, 71.424063 дейін, 51.231347, 71.422926 бастап 51.230584, 71.422234 дейін, 51.230401, 71.426112 бастап 51.229822, 71.424063 дейін;

      4) қазаншұңқыр, координаттары 51.230850, 71.373871 бастап 51.229590, 71.374799 дейін, 51.230497, 71.372825 бастап 51.229459, 71.374435 дейін, 51.230850, 71.373871 бастап 51.230497, 71.372825 дейін, 51.229590, 71.374799 бастап 51.229459, 71.374435 дейін;

      "Есіл ауданы" бойынша:

      1) Есіл өзені,координаттары 51.157026, 71.411196 бастап 51.163497, 71.375755 дейін;

      2) Есіл өзені, "Шұбар" тұрғын алабы, координаттары 51.151318, 71.427601 бастап 51.137501, 71.442592 дейін;

      3) Есіл өзені, "Тельман" тұрғын алабы, координаттары 51.103065, 71.499413 бастап 51.101167, 71.494597 дейін;

      4) Есіл өзені, "Западный" саяжай алабы,координаттары 51.167060, 71.374018 бастап 51.173214, 71.342196 дейін;

      5) "Нұра-Есіл" арнасы, "Пригородный" тұрғын алабы, координаттары 51.045525, 71.405860 бастап 51.067906, 71.421698 дейін;

      6) Қарасу өзені, координаттары 51.064090, 71.566279 бастап 51.069140, 71.566888 дейін;

      "Сарыарқа" ауданы бойынша:

      1) Есіл өзені, координаттары 51.152244, 71.428404 бастап 51.164834, 71.374936 дейін;

      2) Есіл өзені, "Көктал-1" тұрғын алабы, координаттары 51.164879, 71.374359 бастап 51.173156, 71.343614 дейін;

      3) Есіл өзені, "Көктал-1" тұрғын алабы, координаттары 51.173559, 71.342732 бастап 51.173394, 71.332762 дейін.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді); жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 12.08.2021 № 72/10-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9-3. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органы белгілейді.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      10. Су айдынындағы демалу орындарын жабдықтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

      11. Су объектiлерiн мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерлерде және су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда рұқсат етіледі.

      12. Су пайдаланушылар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға және су объектілерін ластанудан және суалудан қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуге міндетті.

      13. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстары жұмыстарының ұйымдастыруын, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты болады.

      13-1. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      14. Су пайдаланушылар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге міндетті.

3. Ерекше жағдайдағы ортақ су пайдалану

      15. Су объектілерін ауыл шаруашылығы мұқтажына пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртібімен Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Оқшаулау немесе бірлесе пайдалануға берілген су айдындарында осы Қағидамен белгіленген ортақ су пайдаланудың талаптары ескеріледі.

      17. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      17-1. Су пайдаланушы мәслихаттың оң шешімін алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіндігі және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      18. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшін су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиіс.

      19. Ортақ су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнатуды су объектілері жеке немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.

      20. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Нұр-Сұлтан қаласының жер үсті су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берілген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      21. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Қауіпсіздік және кеме қатынасы, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктерді сақтау мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалыстарын шектеу немесе тыйым салу "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      23. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларындағы су объектілерінде арнайы бөлінген жерлерден тыс орындарда кемелердің тоқтауына тыйым салынады.

      24. Су объектілеріне, жағалауға және жағалауға жақын су айдыны аумақтарына сұйық (оның ішінде мұнай өнімдері) мен қатты қалдықтарды тастауға, сондай-ақ кемелерден ағынды ағызуға жол берілмейді.

      25. Кемелерді пайдалану кезінде пайда болған суларды ағызу, қатты қалдықтарды, сумен келген қоқыстарды, мұнай өнімдерін бейтараптандыру және жинау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және санитарлық ережелері мен нормаларының талаптарына сай тұрақ орындарында жүргізіледі.

      26. Жергілікті атқарушы орган Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

      27. Оқшалау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, мәслихаттың шешімінде өзгеше белгіленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      27-1. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      27-2. Мәслихат ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      Ескерту. 27-2-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 511/68-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

4. Нұр-Сұлтан қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалануды бақылау

      28. Осы Қағиданың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жалпы су пайдалану саласындағы бұзушылықтарға су пайдаланушылар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.

  Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсадағы
№ 220/25-VI шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV "Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелді, 2012 жылғы 24 қаңтардағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. "Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 91/11-V "Астана қаласы маслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-ІV "Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 766 болып тіркелді, 2013 жылғы 19 қаңтардағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      3. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 384/54-V "Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 928 болып тіркелді, 2015 жылғы 1 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

О Правилах общего водопользования города Нур-Султана

Решение маслихата города Астаны от 12 декабря 2017 года № 220/25-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 11 января 2018 года № 1150.

      Сноска. В заголовке, по всему тексту решения, приложении к решению слова "Астаны" заменены словом "Нур-Султана" в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 марта 2015 года №19-1/252 "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11434), маслихат города Нур-Султана РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила общего водопользования города Нур-Султана согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата города Нур-Султана согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Астаны
В. Досаев
     
      Секретарь маслихата
города Астаны
Ж. Нурпиисов
     
      "СОГЛАСОВАНО"
     
      Аким района "Алматы"
города Астаны
А. Сарсембаев
      Аким района "Есиль"
города Астаны
Е. Булекпаев
      Аким района "Сарыарка"
города Астаны
А. Турлубек
      Руководитель государственного учреждения
"Управление природных ресурсов
и регулирования природопользования
города Астаны" (УПРиРП)
М. Танабаев
      Руководитель РГУ "Департамент Экологии
по городу Астана" Комитета экологического
регулирования, контроля
Министерства Энергетики РК"
М. Ошурбаев
      Руководитель Республиканского
государственного учреждения "Есильская
бассейновая инспекция по регулированию
использования и охране водных ресурсов
Комитета по водным ресурсам
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан" (ЕБИРИиОВР)
М. Аяшев
      Руководитель
государственного учреждения
"Управление сельского хозяйства
города Астаны" (УСХ)
А. Досанов

  Приложение 1
к решению маслихата
города Нур-Султана
от 12 декабря 2017 года № 220/25-VI

Правила общего водопользования города Нур-Султана

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования города Нур-Султана (далее – Правила) разработаны в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года (далее – Кодекс) и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 19-1/252 "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11434) и определяют порядок общего водопользования в административно-территориальных границах города Нур-Султана.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) бассейн водного объекта – территория, включающая водосборные площади гидравлически связанных водоемов и водотоков;

      2) поверхностные водные объекты – постоянное или временное сосредоточение вод на поверхности суши в формах ее рельефа, имеющих границы, объем и водный режим;

      3) каналы, приравненные к рекам – искусственные сооружения, предназначенные для переброски воды из одного бассейна в другой, а также из одной речной системы в другую;

      4) зона санитарной охраны – специально выделяемая территория вокруг источника водоснабжения и водопроводных сооружений, на которой должен соблюдаться установленный режим с целью охраны источника водоснабжения (открытого и подземного), водопроводных сооружений и окружающей их территории от загрязнения для предупреждения ухудшения качества воды;

      5) водоотведение – совокупность мероприятий, обеспечивающих сбор, транспортировку, очистку и отведение сточных вод через системы водоотведения в водные объекты и (или) на рельефы местности;

      6) водоохранная зона – территория, примыкающая к водным объектам и водохозяйственным сооружениям, на которой устанавливается специальный режим хозяйственной деятельности для предотвращения загрязнения, засорения и истощения вод;

      7) охрана водных объектов – деятельность, направленная на сохранение,

      восстановление и воспроизводство водных объектов, а также на недопущение вредного воздействия вод;

      8) использование водных объектов – извлечение полезных естественных свойств водных объектов для удовлетворения материальных или иных потребностей физических и юридических лиц;

      9) водопользование – использование водных ресурсов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов физических и юридических лиц;

      10) водопользователь – физическое или юридическое лицо, которому в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлено право использования водными ресурсами для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов;

      11) водный режим – изменение во времени уровней, расходов и объемов воды на водных объектах и почвогрунтах;

      12) водопотребитель – физическое или юридическое лицо, потребляющее воду из водных объектов или пользующееся услугами водохозяйственных организаций и получающее воду из систем водоснабжения;

      13) воды – совокупность всех вод, сосредоточенных в водных объектах;

      14) водоснабжение – совокупность мероприятий, обеспечивающих забор, хранение, подготовку, подачу и распределение воды через системы водоснабжения водопотребителям.

2. Общее водопользование

      3. Общее водопользование города Нур-Султана осуществляется для удовлетворения нужд населения без закрепления водных объектов за отдельными физическими или юридическими лицами и без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод.

      4. К общему водопользованию относится пользование водными объектами:

      1) для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей;

      2) для рекреационных целей, за исключением водных объектов, представляющих потенциальную селевую опасность;

      3) для судоходства и пользования маломерными судами;

      4) для водопоя скота.

      5. Общее водопользование может быть осуществлено как на водных объектах общего водопользования, так и на водных объектах, не состоящих в общем водопользовании, и не требует наличия специальных разрешений.

      6. Не допускается ограничение физическими и юридическими лицами доступа населения к водным объектам общего водопользования путем установления заграждений, охранных пунктов, запрещающих знаков, за исключением случаев, предусмотренных Кодексом.

      7. При использовании водных объектов для общего водопользования физическим и юридическим лицам необходимо:

      1) бережно использовать водные объекты;

      2) соблюдать установленный режим использования водного объекта;

      3) соблюдать меры безопасности при проведении культурных, спортивных и иных мероприятий на водных объектах;

      4) поддерживать водные объекты и прилегающую территорию в соответствующем санитарным нормам состоянии, не засорять бытовыми, строительными и другими отходами, своевременно осуществлять мероприятия по предупреждению и устранению захламления прилегающей территории.

      8. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) загрязнение и засорение водного объекта;

      2) стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      3) купание в местах, где не выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      4) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      5) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      6) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      7) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.

      9. Общее водопользование может быть ограничено или запрещено в целях экологической, технической и санитарно-эпидемиологической безопасности населения.

      9-1. Маслихат города Нур-Султана (далее – маслихат) в целях охраны жизни и здоровья граждан, с учетом особенностей региональных условий, в соответствии с Правилами определяет места, где не осуществляются купание, забор воды для питьевых и бытовых нужд, водопой скота, катание на маломерных судах и других плавучих средствах на водных объектах, расположенных на территории соответствующего региона.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-1 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      9-2. В целях охраны жизни и здоровья граждан, с учетом особенностей водных объектов, расположенных на территории города Нур-Султан, купание не допускается в следующих местах:

      по району "Алматы":

      1) река Есиль, жилой массив "Күйгенжар", с координатами от 51.0988722, 71.711643 до 51.099481, 71.713921;

      2) река Есиль, жилой массив "Күйгенжар", с координатами от 51.100890, 71.684022 до 51.101614, 71.681885;

      3) река Есиль, жилой массив "Интернациональный", с координатами от 51.118704, 71.604843 до 51.117608, 71.606590;

      4) река Есиль, жилой массив "Интернациональный", с координатами от 51.120570, 71.589686 до 51.120892, 71.589228;

      5) река Есиль, микрорайон "Достық", с координатами от 51.124050, 71.581803 до 51.123206, 71.581357;

      6) река Есиль, с координатами от 51.147220, 71.441485 до 51.142843, 71.442893;

      7) водоканал контррегулятора, с координатами от 51.095924, 71.593302 до 51.098834, 71.579842;

      8) река Есиль, с координатами от 51.10384, 71.499080 до 51.101847, 71.493910;

      по району "Байқоңыр":

      1) река Есиль, район парка "Ататюрк", с координатами от 51.152099, 71.428750 до 51.148417, 71.439624;

      2) река Акбулак с координатами от 51.148274, 71.439928 до 51.169660, 71.486060;

      3) котлован "Голубая лагуна", с координатами от 51.231347, 71.422926 до 51.230401, 71.426112, от 51.230584, 71.422234 до 51.229822, 71.424063, от 51.231347, 71.422926 до 51.230584, 71.422234, от 51.230401, 71.426112 до 51.229822, 71.424063;

      4) котлован, с координатами от 51.230850, 71.373871 до 51.229590, 71.374799, от 51.230497, 71.372825 до 51.229459, 71.374435, от 51.230850, 71.373871 до 51.230497, 71.372825, от 51.229590, 71.374799 до 51.229459, 71.374435;

      по району "Есиль":

      1) река Есиль, с координатами от 51.157026, 71.411196 до 51.163497, 71.375755;

      2) река Есиль, жилой массив "Шұбар", с координатами от 51.151318, 71.427601 до 51.137501, 71.442592;

      3) река Есиль, жилой массив "Тельмана", с координатами от 51.103065, 71.499413 до 51.101167, 71.494597;

      4) река Есиль, дачный массив "Западный", с координатами от 51.167060, 71.374018 до 51.173214, 71.342196;

      5) канал "Нұра-Есіл", жилой массив "Пригородный", с координатами от 51.045525, 71.405860 до 51.067906, 71.421698;

      6) река Қарасу, с координатами от 51.064090, 71.566279 до 51.069140, 71.566888;

      по району "Сарыарка":

      1) река Есиль, с координатами от 51.152244, 71.428404 до 51.164834, 71.374936;

      2) река Есиль, жилой массив Көктал-1, с координатами от 51.164879, 71.374359 до 51.173156, 71.343614;

      3) река Есиль, жилой массив Көктал-1, с координатами от 51.173559, 71.342732 до 51.173394, 71.332762.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-2 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); в редакции решения маслихата города Нур-Султана от 12.08.2021 № 72/10-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9.3. Места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях устанавливаются местным исполнительным органом по согласованию с уполномоченными органами в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения, в области охраны окружающей среды, в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения с соблюдением экологических требований и безопасности жизни человека.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-3 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      10. Оборудование мест отдыха на водоемах осуществляется согласно Правилам безопасности на водоемах, утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 января 2015 года № 34 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10335).

      11. Использование водных объектов для водопоя скота допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      12. Водопользователи обязаны соблюдать экологические требования, установленные экологическим законодательством Республики Казахстан, и проводить мероприятия, обеспечивающие охрану водных объектов от загрязнения, засорения и истощения.

      13. Собственники водохозяйственных сооружений несут ответственность за соблюдением организации работы водохозяйственных сооружений, а также иных требований, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      13-1. Для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей забор воды из поверхностных источников осуществляется без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 13-1 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      14. Водопользователи обязаны обеспечивать безопасность физических лиц на водных объектах и водохозяйственных сооружениях.

3. Общее водопользование при особых условиях

      15. Использование водных объектов для нужд сельского хозяйства осуществляется в порядке общего и специального водопользования в соответствии с Кодексом.

      16. На водоемах, предоставленных в обособленное или совместное использование, учитываются требования общего водопользования, установленные настоящими Правилами.

      17. Объявленные условия или запреты общего водопользования не должны ограничивать осуществление общего водопользования для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей.

      17-1. После получения положительного решения маслихата водопользователь через средства массовой информации, а также посредством специальных информационных знаков обеспечивает оповещение населения о недопущении купания и других условиях осуществления общего водопользования.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 17-1 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18. Ограничение права водопользования не должно ухудшать условия пользования водными ресурсами для питьевых и хозяйственных нужд населения.

      19. Установление информационных знаков по запрещению или ограничению общего водопользования обеспечивается физическими и юридическими лицами, водные объекты которым предоставлены для обособленного или совместного пользования.

      20. Поверхностные водные объекты города Нур-Султана, отнесенные к категории судоходных, являются водными путями общего пользования, за исключением случаев, если их использование в данных целях полностью или частично запрещено либо они предоставлены в обособленное пользование.

      21. Порядок отнесения водных объектов к категории судоходных, утверждение перечня судоходных водных путей, используемых для судоходства, взлета (посадки) воздушных судов, и правил их эксплуатации осуществляются в соответствии с правилами, утверждаемыми в соответствии с пунктом 3 статьи 105 Кодекса.

      22. Ограничение или запрещение движения судов, осуществляемое в целях безопасности и судоходства, охраны жизни и здоровья людей, сохранности грузов, регламентируются Законом Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте".

      23. На водных объектах в административно-территориальных границах города Нур-Султана не допускается стоянка судов вне специально отведенных местах.

      24. Не допускается сброс жидких (в том числе нефтепродуктов) и твердых отходов, а также стоков с судов на водные объекты, на берега и прибрежные зоны водоемов.

      25. Откачка стоков, сбор и нейтрализация нефтепродуктов, твердых отходов и наносного мусора, образующихся в процессе эксплуатации судов, производится в местах стоянок в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Местный исполнительный орган осуществляет информирование населения о состоянии водных объектов, систем водоснабжения и водоотведения, находящихся на территории города Нур-Султана.

      27. Водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, в соответствии с пунктом 3 статьи 67 и пунктом 4 статьи 68 Кодекса объявляет об условиях или запрете общего водопользования, если иное не установлено решением маслихата.

      27-1. Для объявления условий или запрета общего водопользования, водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, вносит в маслихат предложение с обоснованием необходимости установления условий или запрета общего водопользования.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 27-1 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      27-2. Маслихат принимает соответствующее решение по установлению условий или запрета общего водопользования и направляет его водопользователю в течение трех рабочих дней.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 27-2 в соответствии с решением маслихата города Нур-Султана от 30.06.2020 № 511/68-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

4. Контроль за общим водопользованием города Нур-Султана

      28. Государственный контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      29. За нарушения в сфере общего водопользования на территории города Нур-Султана водопользователи несут ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

 
  Приложение 2
к решению маслихата
города Нур-Султана
от 12 декабря 2017 года
№ 220/25-VI

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата города Нур-Султана

      1. Решение маслихата города Нур-Султана от 27 декабря 2011 года № 538/77-IV "О Правилах общего водопользования на водных объектах города Нур-Султана" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 711, опубликовано 24 января 2012 года в газетах "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана").

      2. Решение маслихата города Нур-Султана от 6 декабря 2012 года № 91/11-V "О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султана от 27 декабря 2011 года № 538/77-IV "О Правилах общего водопользования на водных объектах города Нур-Султана" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 766, опубликовано 19 января 2013 года в газетах "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана").

      3. Решение маслихата города Нур-Султана от 24 июня 2015 года № 384/54-V "О внесении изменения в решение маслихата города Нур-Султана от 27 декабря 2011 года № 538/77-IV "О Правилах общего водопользования на водных объектах города Нур-Султана" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 928, опубликовано 1 августа 2015 года в газетах "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана").