"Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешiмiне өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 384/54-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 29 шілдеде № 928 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 220/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы "Астана ақшамы" газетінің 9-нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің 9-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Мемлекеттің қауіпсіздігі және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін қорғау мақсатында жеке су объектілері мен олардың бөліктері пайдалануға шектелуі, тоқтатылуы және тыйым салынуы мүмкін. Су объектілерін ауыл шаруашылығы мұқтажына пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы

А. Ким

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов

КЕЛІСІЛДІ:


"Астана қаласы Табиғи ресурстар


және табиғатты пайдалануды


реттеу басқармасы" ММ (ТРжТПР)


басшысының м.а.

Ә. Сарсембаев

Қазақстан Республикасы


Ұлттық Экономика Министрлігі


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау


Комитетінің Астана қаласы


тұтынушылардың құқықтарын


қорғау департаменті РММ


(ҚР ҰЭМТҚҚК Астана қаласы ТҚҚД)


басшысы

Н. Асылбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады