Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 220/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-ІV "Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 9 "Вечерняя Астана", 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 9 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасында:
"Жалпы ережелер" 1-бөлімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Осы Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексiнің 38-бабының 1) тармақшасына, 65, 92-баптарына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Осы шешiм оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Н. Мещеряков |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Астана қаласының Табиғи ресурстар | |
және табиғат пайдалануды реттеу | |
басқармасы" (ТРжТПР) ММ бастығы | Б. Ахметов |
"Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау | |
комитетінің Астана қаласы | |
бойынша департаменті" | |
(МСЭҚКД) ММ бастығы | С. Бейсенова |