Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақмола облысының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін белгiлеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5928 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 25.10.2019 № 6С-38-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақмола облысының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелері белгiленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 25.10.2019 № 6С-38-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Т.Болатов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады