Станционный кентінің көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласының Станционный кенті әкімінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 05 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 6030 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде және Станционный кентіндегі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Станционный кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Станционный кентінің "Линейная" көшесі "Оқжетпес" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Станционный кентінің әкімі Е.Байдалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады