Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 6С-14/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 ақпанда № 5751 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";
      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағас
Д.Балпанов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Степногорск қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
С.Шабаров

      19.01.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады