Сот шешімімен Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № С 16-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 6249 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 тамыздағы № С 6-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 02.08.2021 № С 6-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген отырған сот шешімімен Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ж.Абдин
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының
әкімі
Т.Қ.Едігенов

      8 желтоқсан 2017 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 8 желтоқсандағы
№ С 16 - 3 шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Ақкөл ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Ақкөл аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көліктері мен автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады