РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірі ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Мариновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мариновка ауылының көшелері қайта аталсын:
Фурманов көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;
Ленин көшесі Жеңіс көшесіне;
Привокзальная көшесі Теміржолшылар көшесіне;
Элеваторная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Лука Белаш көшесі Болашақ көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мариновка ауылдық округінің әкімі |
Д.Тюлеуов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
К.Жұмаенова |
2017 жылғы "24".04
"Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Жанабаев |
2017 жылғы "24".04