Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа кірісі болған жағдайда, отбасыларға (азаматтарға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне (ота) байланысты;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 7306 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;";
11 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады:
"3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;";
орыс тіліндегі 14 тармаққа өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н.Горончко |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
А.Манадыров |
28 ақпан 2017 жыл