РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 21 ақпандағы №01-30-53 ұсынысы негізінде Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 5 "Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4205 тіркелді, 2014 жылғы 31 мамырда "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округінің әкімі |
Ж.Амангелдінов |