РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландару және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігі 2017 жылғы 07 ақпандағы № а-2/29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген, 2017 жылдың 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қиықов |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "23" 10 № а-10/224 қаулысымен бекітілді |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
Аудан атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||||
Балабақша | Балабақша | |||||||
мемлекеттік | жеке меншік | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | мемлекеттік | жеке меншік | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |
Еңбекшілдер ауданы | 100 | 0 | 25 | 265 | 25048,4 | 0 | 13638 | 6819 |
кестенің жалғасы:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ана төлемақасынын мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | ||||
мемлекеттік | жеке меншік | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |
3 жасқа дейін 3 жасқа деін | 3 жастан кейін | |||
8000 | 8500 | 0 | 8000 | 0 |