Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 наурызда № 5793 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 8С-11/4 шешімімен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.11.2023 № 8С-11/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.05.2023 № 8С-3/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.11.2022 № 32/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.11.2022 № 32/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.11.2022 № 32/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Есіл аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы" 2014 жылғы 12 қарашадағы № 35/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4498 тіркелген, 2014 жылғы 15 желтоқсанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Господарь
      Аудандық
мәслихат хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      2 ақпан 2017 жыл


  Есіл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 2 ақпандағы
№ 11/3 шешіміне
қосымша

Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.11.2022 № 32/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.05.2023 № 8С-3/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.05.2023 № 8С-3/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.05.2023 № 8С-3/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 16.05.2023 № 8С-3/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғыз жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады