Есіл ауданының Есіл қаласында көшелерді, даңғылды, шағын аудандарды қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № а-2/34 қаулысы және Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 наурызда № 5794 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Есіл ауданының Есіл қаласындағы көшелер, даңғыл, шағын аудандар қайта аталсын:
      Комсомольская көшесін Қайым Мұхамедханов көшесіне;
      Ленинградская көшесін Әлихан Бөкейханов көшесіне;
      Киевская көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
      Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      Южная көшесін Оңтүстік көшесіне;
      Заводская көшесін Жібек жолы көшесіне;
      Трудовая көшесін Еңбекшілер көшесіне;
      Строительная көшесін Құрылысшылар көшесіне;
      Мир көшесін Бейбітшілік көшесіне;
      Дружба көшесін Достық көшесіне;
      Пролетарская, Железнодорожная көшелерін Баубек Бұлқышев көшесіне;
      Садовая, Резервная көшелерін Кәукен Кенжетаев көшесіне;
      Деповская, Транспортная көшелерін Хамит Ерғалиев көшесіне;
      Ветстанция, ДСУ-69, Кооперативная көшелерін, Промышленный даңғылын Өндіріс даңғылына;
      Мостопоезд шағын ауданын Батыс шағын ауданына;
      Северный шағын ауданын Солтүстік шағын ауданына.
      2. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Есіл ауданының
әкімі
А.Қалжанов
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Господарь
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады