РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2017 жылдың 24 қазанындағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Красивинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі Красивое ауылының көшелері қайта аталсын:
Дорожная көшесі Жібек жолы көшесіне;
Октябрьская көшесі Достық көшесіне;
Трудовая көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Р.Төлеубаев |