Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 6ВС-58-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б.Жанәділов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
2017 жыл "14" 02
Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы "14" ақпандағы № 6ВС-10-5 шешіміне қосымша |
Жақсы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Жақсы ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жақсы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткiзу орны анықталсын:
1) Жақсы ауылы, Дружба көшесі бойынша орталық алаң.
3. Жақсы ауданының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыт анықталсын:
1) 30 лет Победы көшесі бойынша Жақсы ауылының "Уәли" мешітінен бастап Дружба көшесі бойынша орталық алаңға дейін.
4. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарында:
1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, дыбыстық/бейне) қолдануға, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге;
2) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға жол берілмейді.
5. Қоғамдық тәртіп пен пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) әр түрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрініп тұруы қажет;
2) бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге жол беріледі.
6. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:
1) пикет өткізілетін объектінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айқайлап айтуға.
7. Егерде, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Жақсы ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.