РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 28 маусымдағы № 01-34-130 ұсынуы бойынша Софиевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауыл аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 08 қыркүйектегі №2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген, 2014 жылғы 03 қазанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Софиевка ауылдық округінің әкімі |
Э.Артықов |