РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г.Сәдуақасова |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № А-12/270 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 782 | 69 | 25540 | 27146 | 8000 | 15000 |
2 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 157 | 0 | 17105 | 0 | 7000 | 0 |
3 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 284 | 0 | 7201 | 0 | 0 | 0 |