Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округі Ұрымқай ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5855 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ұрымқай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округі Ұрымқай ауылының Больничная көшесі Бейбітшілік көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ұрымқай ауылдық
округінің әкімі
Ж.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады