Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 219 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 5781 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген, 2016 жылғы 29 және 30 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде тиісінше жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген:

      1) Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары;

      2) Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.";

      Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларында:

      Қағидалардың 11-тармағында "қатты тұрмыстық қалдықтарды және" сөздері алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2, 32-3, 32-4, 32-5, 32-6, 32-7, 32-8, 32-9 және 32-10-тармақтарымен толықтырылсын:

      "32-1. Өз қызметін қалалар мен елді мекендердің аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерден сондай-ақ пәтер иелерінен және пәтер жалдаушылардан, жеке тұрғын үйлерден коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен өткізілетін, қалдықтарды шығару бойынша конкурсты (тендер) ұтқан, қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.";

      "32-2. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздерімен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі";

      "32-3. Жергілікті атқарушы органдар көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында контейнерлер үшін арнайы алаңдарды, мамандандырылған көлік құралдары үшін қол жетімділікті қамтамасыз ете отыра орналастырады.";

      "32-4. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:

      1) қоқыспен және тұрмыстық қалдықтармен ыдыстарды көшелерге, жалпы пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына қоюға;

      2) мамандандырылған орындарды қоспағанда, үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге;

      3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын, қоқыстарды контейнерлерге салуға және алаңдарға және оған іргелес аумақтарға жинауға;

      4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;

      5) жеке тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың іргелес аумақтарына қоқыстарды жинауға.";

      "32-5. Жеке және заңды тұлғалар аулалық дәретханалардың шұңқырларын олардың толуына қарай тазартады.";

      "32-6. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинауға арналған контейнерлерге ие болуға құқылы.";

      "32-7. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальттің сынықтарын шығару, жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен қаланың басты магистральдарында - тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде жүргізіледі.";

      "32-8. Қаланың аумағындағы өзендердің, су қоймаларының, каналдардың су айдындарынан қоқыстарды жинау және оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.";

      "32-9. Жеке және заңды тұлғаларға іргелес аумақта ыдыстарды көгалдарға, киоскілерге және басқа сауда нысандарына, сауда шатырларының төбесіне жинауға жол берілмейді.";

      "32-10. Жұмыс үшін құрылыс алаңдарын, учаскелерді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтарды төгу, кәріз желілерін пайдаланушы ұйымдар айқындайтын, сарқынды суларды қабылдайтын мамандандырылған пункттерде жүргізіледі. Сұйық қалдықтарды сол үшін арналмаған құдықтарға өз еркімен ағызуға жол берілмейді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      Г. ЕРҒАЗИНА С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады