"Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 893 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 905 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 наурызда № 5348 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 893 "Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4827 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Ақтөбе" және 2016 жылғы 13 сәуірде "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің аппарат басшысы Қ.М.Райымқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі І.Испанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады