Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 5676 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 15.10.2019 № 302 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Алға аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 08 қарашадағы № 113 "Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3692 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 03 сәуірде № 200 "Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4307 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірдегі аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы:
Л. Грачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы:
Б. Жұмабаев

  Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 116 шешіміне қосымша

Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 15.10.2019 № 302 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 21.06.2023 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 09.12.2020 № 452 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 3-1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 31.03.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 09.12.2020 № 452 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 20498 болып тiркелген) бұйрығымен айқындалады.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 21.06.2023 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 31.03.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінің 7 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 31.03.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 21.06.2023 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 31.03.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме.

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға - 40 киловатт;

      2 адамға - 60 киловатт;

      3 адамға – 80 киловатт;

      4 және одан да көп адамға - 100 киловатт;

      3) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      6) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      7) тұрмыстық қалдықтарды шығару-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) кәріз қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      9) сумен жабдықтау қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады;

      коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;

      10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 77 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе

Решение маслихата Алгинского района Актюбинской области от 26 сентября 2017 года № 116. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 октября 2017 года № 5676. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 137

      Сноска. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28.03.2024 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 15.10.2019 № 302 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Алгинском районе согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение Алгинского районного маслихата от 31 января 2013 года № 70 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3529, опубликованное 19 марта 2013 года в районной газете "Жұлдыз-Звезда"), решение районного маслихата от 08 ноября 2013 года № 113 "О внесений изменений в решение Алгинского районного маслихата от 31 января 2013 года № 70 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3692, опубликованное 24 декабря 2013 года в районной газете "Жұлдыз-Звезда"), решение районного маслихата от 03 апреля 2015 года № 200 "О внесений изменений в решение районного маслихата от 31 января 2013 года № 70 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4307, опубликованное 21 апреля 2015 года в районной газете "Жұлдыз-Звезда").

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата:
Л. Грачева
      Секретарь
районного маслихата:
Б. Жумабаев

  Приложение к решению Алгинского районного маслихата от 26 сентября 2017 года № 116

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Алгинском районе

      Сноска. Приложение – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 15.10.2019 № 302 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 5 (пяти) процентов.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 21.06.2023 № 40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Алгинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 09.12.2020 № 452 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3-1. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Пункт 3-1 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 31.03.2021 № 23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      Сноска. Пункт 3-2 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 09.12.2020 № 452 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20498).

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 21.06.2023 № 40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 539 "Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21500).

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 31.03.2021 № 23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 7 размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 31.03.2021 № 23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 21.06.2023 № 40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 31.03.2021 № 23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Размер оказания жилищной помощи

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами:

      1) норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами, составляет восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человека - 40 киловатт;

      на 2-х человек - 60 киловатт;

      на 3-х человек – 80 киловатт;

      на 4-х и более человек - 100 киловатт.

      3) норма потребления газа - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      4) содержание жилища из государственного жилищного фонда ежемесячно:

      на 1 человека-18 квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      5) на содержание общего имущества объекта кондоминиума:

      на 1 человека-18 квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      6) теплоснабжение ежемесячно:

      на 1 человека-18 квадратных метров полезной площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      7) вывоз бытовых отходов-ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      8) услуги канализации - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      9) услуги водоснабжения - ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      при расчете социальной нормы потребителям, имеющим приборы учета коммунальных услуг, применяются фактические затраты по показаниям счетчиков, но не выше установленных тарифов и нормативов;

      нормы платы потребления и тарифы коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг;

      10) Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам устанавливается в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 16.11.2023 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).