Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы № 113 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 желтоқсанда № 3692 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.09.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы № 14 аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

      1 тармақтың 1) тармақшасының бесінші азат жолы;

      1 тармақтың 1) тармақшасының жетінші азат жол бөлігіндегі "жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге" сөздері;

      1 тармақтың 2) тармақшасының бөлігіндегі "сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2, 5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге" сөздері;

      2 тармақтың бөлігіндегі "жеке үйлерде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны" сөздері;

      2 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері;

      3 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері;

      9 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шығындарына" сөздері;

      13 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарына" сөздері;

      18 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны" сөздері алынып тасталынсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Қ. Нұрғалиев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады