Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда № 3529 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.09.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Алға аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 ақпандағы № 4 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-105 тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 15-16 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Аудандық мәслихатхатшысы:
      К. Байгазин А. Кайрушев

  Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы 1. Жалпы ережелер

      Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбір мәселелері туралы" № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес әзiрлендi және тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртiбiн айқындайды.
      1.Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегi - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Алға ауданының елдi мекендерінде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек:
      жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      2) аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, , жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      3) телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерiнiң және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгiлейтiн және телефонға абоненттiк ақы тарифтерiнiң өсуiне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн ақшалай өтемақы;
      4) өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жолыққан адам;
      5) отбасының жиынтық кiрiсi - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      6) уәкілеттi орган – тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын
      "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2015 № 200 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, суық сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газбен, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару), тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстарына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне, шығындары шектеулі берілетін шығыннан асқан жағдайында беріледі.
      Шектеулі берілетін шығындар шегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді;
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үй иесiне, жалдаушыға (жалға берушiге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды) тұтынғаны және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, шығындарының орнын толтыру үшiн, азайту ретiнде қолма-қол емес түрде берiледi. Белгіленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметiн тұтынғаны, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу жалпы негiзде жүргізіледі.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Жылыту және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстар бойынша әлеуметтiк норманы есептеу кезiнде, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарының орнын толтыру белгiленген барлық меншiк түрiндегi тұрғын жайларда әлеуметтiк норма бiр адамға 18 шаршы метр (жалғыз тұратын азаматтар үшiн 32 шаршы метр, орталық жылуы жоқ үйлерге құрамында бір адамы бар отбасы үшін пайдалы алаң 36 шаршы метр шегінде), бiрақ тұрғын жайдың іс жүзінде алып отырған пайдалы алаңынан көп емес пайдалы алаңнын әлеуметтік нормасы қолданылады.
      5. Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
      6. Тұрғын үй көмегiн алушылар өзiнiң тұрғын жайының меншiк түрiнiң, отбасы құрамындағы және оның жиынтық кiрiсiндегi кез-келген өзгерiстер, көмектi дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкiлеттi органға 10 күн iшiнде ақпарат бередi.
      7. Тұрғын үй көмегi түрiнде алынған заңсыз сома заңда белгiленген тәртiппен бюджетке қайтарылады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау оны алу үшiн жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп қоса берiлетiн құжаттармен бiрге өтiнiш тапсырған ай есептелiнедi.
      9. Тұрғын үй көмегi отбасы құрамы, iс жүзiнде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемi, отбасының жиынтық кiрiсi, коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау) және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына, және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындары көрсетiлетiн меншiк иесiнiң, жалдаушының (жалға алушының) өтiнiшi негiзiнде тағайындалады.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Азаматтардың табысы жөнiндегi мәлiметтердi қалалық қызметтер, бөлiмдер, ұйымдар, тiзiмдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түрiндегi тиiстi төлемдердi аударатын және есептейтiн жетекшiлер тоқсан басында бiр рет растайды.
      11. Отбасының жиынтық кiрiсi Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес есептеледі.
      12. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметiне тарифтер өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргiзiледi.
      13. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiндегi коммуналдық және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшiн, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына, және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарымен меншiк иесiнiң төлем сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шектi мүмкiн деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi және шын мәнiндегi сомадан артуы мүмкiн емес.
      Ескерту. 13 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Берiлген өтiнiш және оған қосымшаланатын құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша екi данада келiсiм-шарт жасалынады, оның бiреуi меншiк иесiнде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екiншiсi – уәкiлеттi органда сақталынады.
      15. Аталған келiсiм-шарт тұрғын үй көмегiн ұсыну үшiн негiз болады. Уәкілетті органнан келісім-шарты алғаннан кейiн меншік иесі, жалға алушыда (жалдаушыда) коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге он күндiк мерзiмде деректер базасына енгiзу үшiн ұсыну қажет.
      16. Ақпаратқа сенiмсiздiк туындаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) өтiнiш иесiнiң тұрғын үй жағдайына тексеру жүргiзедi;
      2) тиiстi ұйымдардан кiрiстер туралы ақпарат сұратады;
      3) кiрiстердi жасыру фактiлерiн тексеру жөнiнде салық қызметiне жолығады;
      4) тұрғын үй көмегiн мақсатты пайдалану туралы тұрғын үй инспекциясына сұраныс жасайды.

Қаржыландыру көздерi

      17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, коммуналдық қызмет көрсетушілердің, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарының кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне өтемақысы, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы, жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған төлемінің және шығындарына төлеу алушының таңдауы бойынша оның жазған арызы негiзiнде жеке есеп шот реквизиттерiн көрсету арқылы осы түрдегi банкiлiк операцияға лицензиясы бар ҚР екiншi деңгейдегi банктерде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 08.11.2013 № 113 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың есептелуi мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады