Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.09.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурызда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің № 14 жарияланған) 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы : |
А. Кайрушев |