Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 83 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 маусымда № 5557 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 болып тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері" тарауында:

      8 тармақта:

      2) тармақшадағы ""Байғанин аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің берген тізімдеріне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) тармақша алынып тасталсын;

      "3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі" тарауында:

      18 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының с
төрағасы
Байғанин аудандық ессия мәслихатының хатшысы
      Г. Елеуова Б. Турлыбаев
      Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады