Қобда аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 114 "Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 21 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 7 наурызда № 5301 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 114 "Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4894 болып тіркелген, 2016 жылы 19 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Шермағанбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады