"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5415 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 13.03.2018 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.

      2. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 ақпандағы № 227 "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешімін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4819 тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы М. Тұрлығұлова
      Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы Ә. Әлмұхамбетов

  2017 жылғы 10 наурыздағы № 64 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген

"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес әзірленді және "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      Егер, қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде бағалау өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілер бағалаудан жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшысымен жүргізіледі және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Қызметшінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Функционалдық міндеттеріне, кадр қызметінің жұмысын жүргізу кіретін мәслихат аппаратының бас маманы, Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады (бұдан әрі – мәслихат аппаратының бас маманы). Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп бағаланып жатқан жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. Қызметшіні лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындаған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. Қызметші жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана аудандық мәслихаттың аппаратына беріледі. Екінші дана қызметшінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Мәслихат аппаратының бас маманы Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Мәслихат аппаратының бас маманы бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалу басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлімінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органмен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін көрсеткіштері және қызмет түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін көрсеткіш немесе қызмет түрі үшін қызметші тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде қызметшінің тікелей басшысының және аппарат басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде қызметшінің тікелей басшысының және аппарат басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы қызметшінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және оған келесім береді.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы қызметшімен қол қойылады.

      Қызметшінің бағалау парғына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда мәслихат аппаратының бас маманы және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасы тікелей басшысымен келесі формула бойынша есептеледі:




– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады:

      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";

      80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық";

      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді";

      130 баллдан астам – "өте жақсы" қойылады.

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:

      2 балл – жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін;

      3 балл – мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін;

      4 балл – мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін;

      5 балл – мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

      Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда мәслихат аппаратының бас маманы және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.

      32. Мәслихат аппаратының бас маманы қызметшінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:




– жылдық баға;

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;


– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";      

      3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық";

      4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді";

      5 балл – "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Мәслихат аппаратының бас маманы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Мәслихат аппаратының бас маманы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемедегі 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын береді.

      35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарайды және келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Мәслихат аппаратының бас маманы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда мәслихат аппаратының бас маманы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы аудандық мәслихат аппаратында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.

      41. Қызметшінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар қызметшілеріне төленеді.

      44. Егерде, жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша оңың кызметті қанағаттанарлықсыз болып танылса, қызметшінің оқытуы (біліктілігін арттыру) бағыты бойынша жүргізіледі.

      Комиссия, оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде қызметші біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. Қызметшінің екі жыл қатарынан қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген бағалау нәтижелері оны лауазымынан төмендетуге шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. Қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 1-қосымша
  Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _________________________

      Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________

      _________________________________________________________________________

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      * Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

      Қызметші                               Тікелей басшы

      ___________________________             ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ______________________             қолы ______________________

  "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 2-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      ___________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда): _________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _________________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/п

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:


      Қызметші                               Тікелей басшы

      ___________________________             ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ______________________             қолы ______________________

  "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 3-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      _________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін 




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




4





      Қызметші                               Тікелей басшы

      ___________________________             ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 4-қосымша
  Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі

      ____________________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін қайта қарау (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссияның төрағасы: ___________________________ Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады