Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2012 жылғы 7 тамыздағы № 247/51 "Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы" қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 қаулысы және Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 87 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 наурызда № 5280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2012 жылғы 7 тамыздағы № 247/51 "Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2012 жылдың 20 қыркүйегінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысы мен шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі:
      "13 бабына" сөздері "12 бабының 5-1) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Бердалин
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. Төлепбергенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады