Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 13.02.2018 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарды 100 %-ға дейін, дистрибьютерлік орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарын 50 %-ға дейін өтеу бойынша және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге шығындарының 50%-ға дейін, бие және түйе сүтін өндіру және қайта өндеу шығындарының құнын 50%-ға дейін арзандатуға, жылқы және түйе етін өндіру шығындарының құнын 50%-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 2, 3-қосымшаларына сәйкес.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 16.10.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Алматы облысы әкімдігінің "Субсидиялар нормативтерін, субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер мен талаптарын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 тіркелген, 2017 жылдың 14 ақпанында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы | |
облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "12" сәуірдегі № 149 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 16.10.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарды 100 %-ға дейін өтеу бойынша субсидиялар нормативі
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2 800 |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 854 |
Дистрибьютерлік орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарын 50 %-ға дейін өтеу бойынша субсидия нормативі
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құнын арзандату | бірлік | 50%-ға дейін |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге шығындарының 50 %-ға дейін субсидия нормативі
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бал ара ұясы | 3 100 |
Бие және түйе сүтін өндіру және қайта өндеу шығындарының құнын 50%-ға дейін арзандатуға субсидия нормативі
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату | килограмм | 60 |
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 |
Жылқы және түйе етін өндіру шығындарының құнын 50%-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
Жылқы етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 92 |
Түйе етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 90 |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "12" сәуірдегі № 149 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 28.12.2017 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидияланатын көлем |
Субсидиялар сомасы |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Тауарлы аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 106 330 | 1 063 300,0 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 8 000 | 24 722 | 197 776,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 6 000 | 7 482 | 44 892,0 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 32 931 | 329 310,0 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 14 908 | 298 160,0 | |
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 1 133 | 16 995,0 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 5 779 | 863 507,7 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 9 680 | 96 800,0 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 3 511 | 70 220,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 428 | 6 420,0 | |
2. | Асыл тұқымдыірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 192 | 32 626,0 |
2) | Еуропа және ТМД елдерінен | бас | 150 000 | 386 | 57 900,0 |
Мал шаруашылығы | |||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2 800 | 96 867 | 271 227,8 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу | бас | 100 000 | 36 | 3 600,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 854 | 120 635,0 | 103 022,3 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 92 815 | 232 037,5 |
2) | тауарлы қойлардыңаналықбасы | бас | 1 500 | 212 953 | 319 429,5 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
1) | тұсақтар | бас | 8 000 | 6 065 | 48 520,0 |
2) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 2 016 | 40 225,0 |
3) | асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарға арналған тұқымдық қошқарлар | бас | 30 000 | 904 | 24 590,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 445 | 44 500,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 127 | 5 080,0 |
Бал ара шаруашылығы | |||||
1. | Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бал ара ұясы | 3 100 | 1 980 | 6 138,0 |
Барлығы | 4 176 276,8 |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "12" сәуірдегі № 149 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 28.12.2017 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялаубағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидияланатын |
Субсидиялар сомасы |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату: | 24 400 | 1 043 535,0 | ||
1) | нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап | бас | 45 000 | 19 463 | 875 835,0 |
2) | нақты бордақыланғаны 2500 бастан бастап | бас | 40 000 | 3 451 | 138 040,0 |
3) | нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап | бас | 20 000 | 1 483 | 29 660,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндірудің құнын арзандату: | 34 479,1 | 724 159,9 | ||
1) | жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар | килограмм | 25 | 21 345,6 | 533 640,7 |
2) | жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар | килограмм | 15 | 11 836,8 | 177 551,7 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | килограмм | 10 | 1 296,7 | 12 967,5 |
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | 40 209,8 | 3 144 337,2 | ||
1) | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 80 | 32 964,9 | 2 637 193,0 |
2) | 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 70 | 7 244,9 | 507 144,2 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | 470 376,3 | 1 301 809,0 | ||
1) | 200 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 3 | 297 647,1 | 892 941,4 |
2) | 150 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,7 | 75 631,7 | 204 205,6 |
3) | 50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 52 334,5 | 115 136,0 |
4) | 20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2 | 44 763,0 | 89 526,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | килограмм | 100 | 2 236,4 | 223 636,7 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | бас | 1 500 | 1 190 | 1 785,0 |
2. | Қайта өңдеуге өткізілген биязыжәне жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату | ||||
1) | сапасы 60-тан басталатын жүн | килограмм | 150 | 1 209,8 | 181 473,6 |
2) | сапасы 50-ден басталатын жүн | килограмм | 100 | 10,7 | 1 072,2 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 2 671,4 | 160 285,4 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 92 | 998,7 | 91 876,6 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 1 600,0 | 88 000,0 |
Барлығы | 6 961 970,6 |