Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбай ауылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 19-100 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 311 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 29 тамызда № 4321 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көксу ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің Амангелді ауылының атауы Зылиха Тамшыбай ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы М. Мәлтекбасов
      Алматы облысының
      әкімі А.Баталов
      Алматы облыстық мәслихаттың
      хатшысы С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады