Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 15-70 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 4 шілдеде № 4266 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 66-290 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 22.09.2020 № 66-290 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңның 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

      1. Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Усенов Нурбол Қаметқалиевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Э.Самбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сүлейменов

  Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы "29" мамырдағы № 15-70 шешімімен бекітілген қосымша

Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының (бұдан әрі – мәслихат аппараты) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі.

      3. Тиісінше ресімделмеген, қолдану мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Куәлік Ақсу аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) бүлінген, жоғалған және алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күімнен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына тапсырады.

      6. Куәлікті ауыстырған кезде, бұрын берілген куәлікті кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы қайтарып алады.

      Қызметкерлер алған куәлік үшін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналына қол қояды (бұдан әрі- журнал).

      7. Куәліктер және журнал кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппартының маманында сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      9. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды.

      10. Куәлікті жоғалтқан қызметкер жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді, ол жөнінде кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына хабарлайды.

      12. Қызметкерлердің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлікті, қызметкер өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

      13. Кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, куәліктердің деректерге сәйкестігін салыстыруды жүргізеді. Куәліктерді жоюды жою туралы еркін нысанында актіні жасай отырып, жыл сайын желтоқсанның бірінші дүйсенбісінде кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жүргізіеді.

      14. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, беру және жою тәртібін жалпы бақылауды кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жүзеге асырады.

3. Куәліктің сипаттамасы

      15. Куәліктің мұқабасы күрең қызыл түсті. Куәлік мұқабасының көлемі ашылған түрінде – 70х195 миллиметер болады.

      Куәліктің сырт жағының ортасында көлемі – 27х27 миллиметер, алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан төмен мемлекеттік тілде "МӘСЛИХАТ" деген жазу орналасқан.

      Куәлік жапсырмасы сол және оң жақ екі бөліктен тұрады. Әрбір жақтың көлемі – 60х85 миллиметер. Куәлік жапсырмасы ашық көгілдір түсте жасалады.

      Жапсырманың оң және сол жақтарында күн мен қыранның жасырын нысанын пайдалана отырып, қорғаныс тангирі бейнеленген.

      Куәлік жапсырманың сол жағының жоғары бөлігінде мемлекеттік тілде, қызыл түсті "АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ" деген жазу орналасқан.

      Жазу асында қызыл түсті, "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін арналасқан, төменге қарай мемлекеттік тәлде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы, куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      Жапсырманың сол жағының сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен жиектеме бейнеленген. Жиектеме ортасында көлем – 25х25 миллиметр, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан төмен, мемлекеттік тілде көк түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Куәлік жапсырмасының оң жағының жоғарғы бөлігінде орыс тілінде, қызыл түсті "АКСУСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ" деген жазу орналасқан. Жазу астында қызыл түсті "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін орналасқан, төменге қарай орыс тілде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі және Ақсу аудандық мәслихаты хатшысының қолымен және елтаңбалық мөрімен бекітіледі.

      Жапсырманың оң жағындағы сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен көлемі – 30х40 миллиметр фотосурет үшін жиектеме орналасқан.

  Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларына 1– қосымша

      нысан

Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Тегі,
аты,
әкесінің
аты (бар
болса)

Атқаратын
лауазымы

Куәлік №
 

Беру күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыру және тапсырғаны (тағайындалған лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі

Тапсырғаны жөнінде
жеке қолы

Қызметтік куәлікті
жою (актінің нөмірі мен күні)

     

      Ескертпе: Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы тігіліп, нөмерленіп және кадр мәселесімен айналысатын мәслихат апаратының маманының қолы мен және мөрімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады