Жетіген ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 01 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 13 қыркүйекте № 4328 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жетіген ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жетіген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетіген ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Жетіген ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Көлсай", екінші көшеге "Қарқара", үшінші көшеге "Қайынды", төртінші көшеге "Жаңа дәуір";

      2) Жаңа-арна ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Хан тәңірі";

      3) Құйған ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Шарын", екінші көшеге "Шымбұлақ", үшінші көшеге "Толағай";

      4) Еңбек ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Зайсан", екінші көшеге "Шәлкөде", үшінші көшеге "Арасан", төртінші көшеге "Нұра".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетіген ауылдық округі әкімінің орынбасары Рахимбаев Айбол Айбековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетіген ауылдық округі әкімі Н. Абилев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады