Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 14.05.2018 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қаратал ауданы әкімдігінің "Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 08 қазандағы № 369 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2869 тіркелген, 2014 жылдың 31 қазанында "Қаратал" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қасымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауданының әкімі | Қ. Бисембаев |
Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "31" шілдедегі № 272 қаулысымен бекітілген қосымша |
Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққандағы бір айдағы қаржыландырудың мөлшері (тенге) |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы | |
3 жасқа дейін |
3 жастан – | ||||
1 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай- балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 320 |
18372 | 7000 | 10000 |
2 | "Қаратал ауданы әкімдігінің № 25 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 240 | 19674 | - | 10000 |
3 | "Қаратал ауданы әкімдігінің № 97 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 280 | 22094 | - | 10000 |
4 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 12457 | - | 8000 |
5 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А. С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 8433 | - | 8000 |
6 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 9130 | - | 8000 |
7 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 10725 | - | 8000 |
8 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 8894 | - | 8000 |
9 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І. Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 9305 | - | 8000 |
10 | "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Горький атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлеккеттік мекемесі | 50 | 11221 | - | 8000 |
11 |
"Мақсат" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі | 25 | 39130 | - | 10000 |
12 |
"Нұр" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі | 25 | 39880 | - | 10000 |
Ескертпе:
1) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланаы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.
2) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.