Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 272 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 31 тамызда № 4325 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 14.05.2018 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қаратал ауданы әкімдігінің "Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 08 қазандағы № 369 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2869 тіркелген, 2014 жылдың 31 қазанында "Қаратал" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қасымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданының әкімі Қ. Бисембаев

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "31" шілдедегі № 272 қаулысымен бекітілген қосымша

Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққандағы бір айдағы қаржыландырудың мөлшері (тенге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы
ата-аналардың бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)

3 жасқа дейін

3 жастан –
7 жасқа дейін
 

1

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай- балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

320

18372
 

7000

10000

2

"Қаратал ауданы әкімдігінің № 25 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

240

19674

-

10000

3

"Қаратал ауданы әкімдігінің № 97 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

280

22094

-

10000

4

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

12457

-

8000

5

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А. С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

8433

-

8000

6

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

9130

-

8000

7

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

10725

-

8000

8

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

8894

-

8000

9

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І. Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

9305

-

8000

10

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Горький атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлеккеттік мекемесі

50

11221

-

8000

11

"Мақсат" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі
 

25

39130

-

10000

12

"Нұр" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі
 

25

39880

-

10000

      Ескертпе:

      1) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланаы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.

      2) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады