Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 168 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 29 мамырда № 4730 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 24.09.2021 № 318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қаратал ауданы әкімдігінің "Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 шілдедегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4325 тіркелген, 2017 жылдың 07 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Касымовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданының әкімі Р. Ракымбеков

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" мамырдағы "Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 168 қаулысына қосымша

Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиелен-ушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)

3-жасқа дейін

3-6 (7) жас
аралығында

1

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

320

9000

10000

2

"Қаратал ауданы әкімдігінің № 25 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

240

-

10000

3

"Қаратал ауданы әкімдігінің № 97 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

280

-

10000

4

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

5

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А. С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

-

8000

6

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

-

8000

7

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

8

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

9

"Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І. Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

10

"Айзере" балабақшасы жекеменшік білім мекемесі

50

-

8000

11

"Мақсат" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі

25

-

10000

12

"Нұр" балабақшасы" жекеменшік білім мекемесі

25

-

10000

13

Жәке кәсіпкер "Галина"

50

-

8000

14

Жәке кәсіпкер "Жексембі Т.С."

25

-

8000

      Ескертпе:

      1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан және заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады