Каратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 369 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 16 қазанда № 2869 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 31.07.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Каратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Каратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.І. Байтаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Дүйсенбінов

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "08" қазандағы "Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемақысын, жан басына нормативтік қаржыландырудың мөлшерін бекіту туралы" № 369 қаулысына қосымша

Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-аналар төлемақысы, жан басына нормативтік қаржыландырудың мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан)

Қаратал ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысы

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Қаратал ауданы

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар

25-240

25-50

14884-29976

9203-9950

10000

7000-8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады