Панфилов ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 126 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 18 мамырда № 4214 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Панфилов ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Панфилов ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 2, 3- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Панфилов ауданы әкімдігінің "Панфилов ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 676 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 тіркелген, 2015 жылдың 10 қыркүйегінде "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматовнаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов ауданының әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "17" сәуірдегі № 126 қаулысымен бекітілген 1- қосымша

Панфилов ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мекеелерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Панфилов ауданының шалғай аудандарындағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі "бұдан әрі-Тәртіп" "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, сондай-ақ "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Қағидалар).

2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балаларды тасымалдау Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға жеке отыратын орын беріле отырып жүзеге асырылады.

      3. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету өткізудің көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.

      4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердің жалпы саны осы көлік құралы үшін белгіленген және отыру үшін жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      5. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс беруші (бұдан әрі - тапсырыс беруші) баларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.

      6. Тапсырыс беруші оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.

      Бұл жағдайда тапсырыс беруші Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.

      7. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушінің жазбаша өтінімдері негізінде тасымалдаушылар жүзеге асырады.

      8. Өтінімде балаларды тасымалдау күні (күндері), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктілер), отырғызу және түсіру орындары, тегі, аты, әкесінің аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбір автобус бойынша еріп жүретін ересек көрсетіледі.

      Тапсырыс беруші меншікті көлігін тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлік бірлігінің бөлінетін саны көрсетіледі.

      Өтінімге тапсырыс беруші ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

      9. Тапсырыс беруші тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұймдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда лауазымды адамдардың, топтар басшыларының, бірге еріп жүрушілердің міндеттері, маршруты, мезгілдері, дайындау және жол жүруді өткізу тәртібі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

      10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.

      11. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Күзгі, қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      13. Балалардың топтарын көрінім жеткіділсіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.

      14. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеру кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артылуына) түзетілген болуы тиіс. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      15. Тапсырыс беруші балаларды тасымалдайтын әрбір автобусқа балалармен оларды жеткізу орнына дейін алып жүретін, тапсырыс беруші-ұйым қызметкерлерінің немесе ата-аналарының ішінен жауаптыларды белгілейді (мектепке, өзге білім беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретінде еріп жүрушілер үшін арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгілеуге жол беріледі).

      16. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындалуы мүмкін.

      17. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушіден патрульдік автомобильді лектерге ілесіп жүруге бөлу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақ бөлімшелерінің (бұдан әрі-ӘПК) міндетті белгілеу бар жазбаша өтінімді ұсынады. Аталған белгісіз автобустар тапсырыс берушіге ұсынылмайды. Өз кезегінде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшін жол полициясы ӘПК-ні хабардар етеді.

      18. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

      19. Балаларды жаппай тасымалдау үшін автобустарды бөлу кезінде тасымалдаушы лектердің үлкенін тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезінде көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігіне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екі автобус кезінде - осы автобустардың жүргізушілерінің санынан; үлкені болып тағайындалған жүргізушінің автобустарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс) тиіс.

      20. Балаларды алып жүруі үшін тапсырыс беруші белгілеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.

      21. Нұсқаманы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргізеді.

      22. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;

      2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және қозғалысы ережесін өрескел бұзбаған.

      Балаларды тасымалдауға жіберген ұйымдағы жүргізушінің жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс.

      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргізушілердің автобустардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

      23. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 километрден артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез-келген жүкті, багажды немесе мүккәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

      24. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер балаларды отырғызу (түсіру) және бағыт бойынша қозғалу кезінде автобус бойынша еріп жүрушілердің нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелеріне Қағидалардың талаптарына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар еріп жүрушілердің құзыреті аясына кіретін болса (балалардың тәртібі, олардың денсаулығы және қауіпсіздігі).

      25. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру, автобус қозғалысы кезінде, аялдау уақытында балалар арасында тиісіті тәртіпті қаматамасыз етеді.

      26. Балаларды автобусқа отырғызу еріп жүрушінің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында жүргізіледі.

      Көлік құралы жақындаған кезде еріп жүрушілер балалардың оның алдынан жүгіріп шығуына, жүру бөлігінің шетінде топтануына жол бермейді.

      27. Еріп жүрушілер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртіпте (кіші балаларды екі - екіден сапқа тұрғызып) жеткізеді. Отырғызу автобустың алдыңғы есігі арқылы жүргізіледі.

      28. Еріп жүруші отырғызу (түсіру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есіктері толық жабылғаннан кейін жүргізушіге отырғызу (түсіру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етіледі.

3. Қорытынды

      29. Осы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "17" сәуірдегі № 126 қаулысымен бекітілген 2-қосымша

Ақарал елді мекенінде тұратын балаларды Кермеағаш ауылындағы Кермеағаш-Арасан орта мектебіне тасымалдау схемасы

Ақарал, Кермеағаш трассасы


  Панфилов ауданының әкімдігінің 2017 жылғы "17" сәуірдегі № 126 қаулысымен бекітілген 3-қосымша

Қызылжиде, Сарпылдақ елді мекендерінде тұратын балаларды Кермеағаш-Арасан орта мектебіне тасымалдаудың схемасы

Қызылжиде, Сарпылдақ, Кермеағаш трассасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады