Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 3392 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4 бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2017 жылғы 28 наурыздағы №1 хаттамасы негізінде, Аса, Айшабибі, Тоғызтарау және Қаратөбе ауылдық округтері аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты және елді мекендерінің тыныс-тіршілігін қамтамассыз ету мақсатында Жамбыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданының Аса, Айшабибі, Тоғызтарау және Қаратөбе ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Е. Қыдыралыұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Қазанбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады